Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

7 Автоматты жайма жасау, қысқа мерзімде тиімді нұсқаны табады. Бір модуль жұмыс орындарының шектеусіз санынақызмет көрсету үшін жеткілікті. «Ассоль» АЖЖ жүйесі Автоматтандырылған жобалау және өндірістік басқару жүйесі «Ассоль» - бұл киімді, былғары галантериялық бұйымдарды, аяқ киімді, жұмсақ жиһазды және т.б. жобалауға арналған әмбебап жүйе. Жүйе модульділігі нақты кәсіпорынның қажеттілігін есепке ала отырып, АЖЖ ең тиімді конфигурациясын таңдауға мүмкіндік береді. Жүйе кез - келген стандартты жабдықпен жұмыс істейді (плоттерлер, каттерлер , дигитайзер). Жүйеде келесі модульдер бар: конструкция модулі; градация модулі; жайма модулі; технология модулі; бөлшекті есептеу модулі; техникалық сурет модулі [40]. Жүйенің мүмкіндіктері: 1 Конструктивтік модельдеу операцияларының толық жинағы (бүкпелерді ауыстыру,бөлшектерді параллель, конустық және параллель - конустық ауыстыру), және тігіске қосымшалар орнату, лекал бұрыштарын әрлеу, кертпелерді белгілеу, лекал базалық мәліметтерін жасау және енгізу. 2 Иық бұйымдарының конструктивті үлгілеуін автоматты түрде орындау. 3 Үлгілеу кезінде автоматты есептеу (бөлшектердің қиысуын қадағалайтын) және барлық маңызды үлгілі сызықтарды қолмен әрлеуде керемет үйлесім табады. 4 Айнымалы, есептік формулаларды және түсіндірмелерді қолдана отырып тұрғызу бірізділігінің автоматты жазылуы 5 Ерлер, әйелдер және балалар базалық конструкциясының құрастырудың кез - келген әдісімен типтік және жеке фигураларға автоматты түрде тұрғызылуы. 6 Градация нормаларының тапсырмаларының түрлі әдістері (қарапайым және полярлы координаттарда, лекал осі бойынша немесе градацияланатын сызықтарға жанап өтетін бойынша). 7 Кез - келген лекал саны мен градация торларын бір мезгілде көру мүмкіндігі, ыңғайлы және көрнекі пайдаланушы интерфейсі. 8 Матаға (кесуге арналған), сонымен қатар қағазға немесе картонға (лекал жасау үшін) қолмен, жартылай автоматты және автоматты түрде лекалды орналастыру (жайма) мүмкіндігі. 9 Матаның параметрлерін есепке алу: раппорт, түк ; төсем түрін есепке алу: бет жағын төмен қаратып , бетпе - бет , бүктеу, жайманы кеспей бет жағын жоғары қаратып .

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==