Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

АЖЖ орналастыруға арналған үй – жайларға қойылатын талаптар: АЖЖ қалыпты жұмыс істеуі үшін температура 21 - 25 °C; салыстырмалы ылғалдылық – 40- 60 %;аэроиондар деңгейі – 400-600- ден 50 000 - ға дейін (оңтайлы -1500-5000). «AccuMark PDS» жүйесі («Pattern Design System») жылдам және жеңіл компьютерлік дизайнды және қималарды алуға мүмкіндік береді. Осы әмбебап және бағдарламалық жасақтама жиынтығымен жаңа қималарды оңай жасауға немесе барларды өзгертуге болады. Жүйе әртүрлі тілде жұмыс істей алады. Жүйе келесі функцияларды орындайды: қатпарлармен жұмыс жасау, айналдыру және көлбеу ету мүмкіндігі (өткір, айнымалы, тарылту, қораптыққатпарлар); жұмыстың кез келген сатысында лекалдарды үлкейту; блоктық жұмыс мүмкіндігі; лекалдың периметрін және ауданын өлшеу. Жүйенің сипаттамасы: 1 Жабдық қосылымының айналмалы конфигурациясы. 2 Ең сенімді, демек, ең қымбат. 3 Жүйеде лекалдарды жартылай автоматтық енгізу (дигитайзер арқылы) 4 Негізгі ерекшелігі - негізгі базалық сызуды тұрғызу , техникалық үлгілеу , эталон - лекалдарды жобалау, әртүрлі қатпарларды үлгілеу. Бір жұмыс орнында екі терминалды (екі экрандық жүйе) пайдаланатын лекалдардың көбейтілуі: бір жұмыс орнында лекалдар көбейтіледі, екіншісінде - олардың жаймасы орындалады . Бүгінгі күні жүйе 20 отандық кәсіпорындарға енгізілген . Жүйені бастау және орнату үшін 10 күн, операторды оқыту үшін - 15 күн қажет . «Cybrid» (Ұлыбритания) фирмасының АЖЖ жүйесі « Cybrid Grafis » ( киімді үлгілеу және құрастыру үшін ) - компьютерлік үлгілеудің ең жаңа әдісі, қолданыстағы үлгілер немесе базалық блоктардан лекалдарды құрастырудың дәстүрлі технологиясымен таныс адамдарға қолдануға жеңіл және қол жетімді. Жүйенің артықшылықтары: 1 Ауыспалылық қағидаты бойынша жұмыс жасайды, ол жаңа мәліметтерді алған бастапқы лекалды үнемі есте сақтайды. 2 Стандартты өлшем деректерін компьютерге енгізгенде лекал мен оның негізгі конструкциясы арасындағы байланыс автоматты түрде барлық өлшемдерге қажетті пропорцияларды қолданады және лекалдарды қолмен көбейту қажеттілігін толығымен жойып тастайды. 3 Лекалдарды көбейтужазықтықтық емес, ең дәл үшөлшемді параметрлерге сәйкес .

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==