Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Бір терминалда лекалдардың көбейтілуі орындалады, екіншісінде–лекалдардың жаймасы қамтамасыз етіледі . Лекалдардың контурлары ДК - ге дигитайзермен, яғни жартылай автоматты түрде енгізіледі. АЖО AccuMark PDS базалық негіздің сызбасын, техникалық үлгілеуді және эталон - лекалдардыжобалауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе өте қуатты және икемді. Әсіресе оның мүмкіндіктері қатпарлардыүлгілеуде (өткір, айнымалы, тарылған және т.б.) айқын көрінеді. Бұл « Gerber » жүйесінің басты ерекшелігі - базалық негізді және техникалық үлгілеуді ( АЖЖ бөлімінде қарастырылған « Gerber » жүйесіндегі көркемөнер үлгілеуінен айырмашылығы) жасау мүмкіндігі. Әртүрлі фирмалардың АЖЖ - құрастыру техникалық сипаттамасы [40] келтірілген. Барлық дерлік жүйелер жергілікті желіге және перифериялық жабдықтарға біріктірілген дербес компьютерлерді қолдануға негізделген: Лекалды енгізу құрылғысы және лекалды сызу құрылғысы бар сызбақұрастырғыштар және қағаздан, қатты қағаздан немесе пластиктен жасалған лекалдар жиынтығын кесуге арналған құрылғы. 10.2 Тігін өндірісінде пайдаланылатын АЖЖ жүйелері «Gerber Garment Technology» (АҚШ ) фирмасының АЖЖ жүйесі « AccuMark TM 300 » (Дизайн, сұрыптау және таңбалау) жүйесі – барлық қажетті функционалдық мүмкіндіктерге, өте жақсы сипаттамаларға және жоғарғы сенімділікке ие, компьютерленген дизайнның жаңа екіэкранды жүйесі болып табылады. Жүйе көп тапсырмалы жұмыстарды орындауға қабілетті. Жиынға екі графикалық станция, дигитайзер , сызбақұрастырғыш кіреді. Жүйе келесі функцияларды орындайды: лекал градациясы ; үлгілерді цифрлау; жаңа үлгілер мен стильдер дизайны; өлшем бойынша автоматты жіктеу; нақты келістірумен өзгерістер енгізу; дәл келістірумен (подгонка) өзгерістер [40]. Жүйенің артықшылықтары: 1 Сызбақұрастырғыштың болуы. 2 «Gerber Cutter» пішуагрегатымен байланыс. 3 2020 мм - ге дейін қағаз орамының ені.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==