Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

бір - бірлеп қоюға болады, себебі жүйе сол жақ жең жасай алады, мысалы, оң жақ жеңді және керісінше сканерлеу арқылы. Жүйелер арасындағы келесі айырмашылық: лекалдардың жаймасын сызу үшін сызбақұрастырғыш (плоттердің) түрі. Планшетті сызбақұрастырғышты пайдаланған кезде, жайма ұзындығы сызбақұрастырғыштың алаңы (терезенің, кадрдың ұзындығы ) өлшемімен шектеледі. Рулонды сызбақұрастырғышта жайманың ұзындығы шектелмейді. Жайманың ені де сызбақұрастырғыштың өлшемдері бойынша анықталады. Көптеген шетелдік жүйелерде жайманың ені 1600 - 2400 мм, отандықАНРК - да сызбақұрастырғыш кең форматты, 3000 × 3000 мм болатын алаң мөлшері бар. Жайманы сызу жылдамдығы да маңызды, мысалы, «Microdinamics» жүйесінде - көпфункционалды рулондысызбақұрастырғыш . Сызбақұрастырғыштар сызба құралының түріне қарай төрт түрге бөлінеді: - қауырсынды (шар) жазатын түйін (мысалы AccuPlot TM 100, AccuPlor TM 300фирмасының GGT, Invesplot 2000 VP, Invesplot 2400 VP Investronica фирмасы , ГШ - 1600 және ГШ – 2200 ОКБМ фирмасы ); - сиялы бастиекпен (растрлық) (мысалы, Infinity TM GGT фирмасы , Joker 1800R, Joker 2200R, Joker 2200 Investronica Plus фирмасы ); - лекалдардың сызылуын табиғи өлшемде компьютерлік жоғарыжылдамдықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қауырсын және сиялы бастиектің комбинациясы (мысалы, AccuJet TM 520 GGT фирмасы ); - қауырсын және лекалдарды кесуге арналған жүйенің комбинациясы ( миниатюралы жаймаларды немесе кесілген лекалдарды алудың басқарылатын жүйесі бар табиғи өлшемдегі жайманы сызу) (мысалы, Accuplot TM 700 - VHD – CXS GGT фирмасы , АНРК жүйесіндегі отандық сызбақұрастырғыш ) Қазіргі сызбақұрастырғыштардың техникалық сипаттамалары берілген [40]. Және соңғы айырмашылық – пайдалану шарттары, яғни жүйенің жабдықтары қалыпты жағдайда жұмыс істей алады немесе ауаны кондициялауды қажет етеді. Мысал ретінде шетелдік өндірістің ең функционалды және өнімді жүйелерінің қысқаша сипаттамасы төменде келтірілген ⚫ «Диффюматекс» (Ұлыбритания) фирмасының «Cybrid» жүйесі модульдік негізде салынған және мыналарды қамтиды: - лекал жаймасын жасау және жобалау үшін автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО ); - лекалды көбейту АЖО ; - үлгілеу АЖО ; Лекалдар жаймасын жасау үшін АЖО құрамына ДК, лекал формасында ақпаратты енгізу үшін сканерлейтін құрылғы, лекалды

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==