Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

пайызы және орналасу ұзындығы үшін материалды тұтыну гормасы есептеледі. Алынған эксперименттікжаймалар графоқұрастырушымен толық көлемде салынған, егер пішу цехында еденді (напольный) пішу ұялы машиналармен жүзеге асырылса. Бұл жағдайда ол арнайы өздігінен желімденетін қағазда орналасады . Пішуцехында автоматтандырылған кесу көзделген болса, орналасу заңдылықтары магниттік компьютерлік ЭВМ дискідегі жазылған әрі үлкейтілген масштабта сызылады (оператордың кесу бөлігіне шағын макеті бойынша кесу дәлдігін басқарады). Бұл жұмыс принципі отандық және шетелдік фирмалардың САПР - құрастыруға енгізілген, оның ішінде: - МИКС - К жүйесі, НПЦ «Реликт» (Ресей , Мәскеу қ. ); - САПР - К киім және аяқ - киім ОКБМ жүйесі (Беларусь, Витебск қ. ); - «ИНФОКОМ» фирмасының «Грация» жүйесі (Украина, Харьков қ. ); - «Силуэт» жүйесі МТУ «Салют» (Ресей, Новосибирск қ. ); - “CAD Cutting line” фирмасының NovoCut жүйесі (Германия); - “ Lectra ” фирмасының “ LectraSystemes ” жүйесі(Франция); - “Investronica” фирмасының “Investronica Systemes” жүйесі ( Испания ); - GGT фирмасының “Gerber” жүйесі ( АҚШ ) - «Диффюматекс» фирмасының “Cybrid” жүйесі ( Ұлыбритания ) - Microdinamics Jnc ( АҚШ ) фирмасының (MicroMark/FS) жүйесі . Барлық жүйелер бір - бірінен ерекшеленеді , ең алдымен ДК - де бастапқы өлшем - бой лекалдарының контурын енгізу жүйесімен. «Cybrid» жүйесінен басқа,аталған жүйелердің барлығы, дигитайзер көмегімен ДК - ге әрбір жеке лекалдың контурын (жеңді жеке, артқы бойды жеке және т.б.) енгізеді, яғни лекалдың әрқайсысы жеке - жеке дигитайзер жазықтығында орналасады және оператор «тінтуірмен» бүкіл контурды айналдырып өтеді. Содан кейін, дигитайзер жазықтығында, келесі лекалды орналастырады, оның контурларын сызады. Осылайша жиынтыққа енгізілген барлық лекалдардың контурлары кезекті түрде енгізіледі. «Cyb r id» жүйесі барлық басқа жүйелерден «лекалдарды автоматты сканерлеу» болуымен ерекшеленеді. Яғни, ДК - ге негізгі өлшем - бойдыңлекалдарының контурын енгізу үшін, дигитайзерге ие болудың және әрбір лекал контур сызбасын салудың қажеті жоқ. Сканерлеу үстелінде барлық лекалдарды (бір уақытта 15 - тен артық емес лекалдарды жайып қою керек, қақпақты жабу және тиісті пернені басу керек. Бұған дейін сіз өнім атауы және үлгі нөмірі енгізіледі. Сканерлеу 2 минуттан аспайды. Сканерлеуден кейін әр лекал экранда тексеріледі. Қатты қағаздан, қағаздан және пластиктен жасалған лекалдар сканерленеді. Жұпталған бөлшектерді

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==