Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

Сақтаудың мұндай әдісінде аз аудан қажет, бірақ партияларды сауда жүргізетін ұйымға түсірердің алдында оларды жинақтау қажеттілігі туады. Қоймада кронштейн - күймелерде немесе едендік кронштейндерде сақталатын бұйымдарды жинақтау және түсіру кезінде оларды ілінген бұйымдары бар автомашиналарға жүктейді немесе автомашинаның кузовында орналасқан бұйымдарды күймелерден кронштейндерге іледі. Дайын өнім қоймасының есебі Дайын өнім қоймасының есебі бұйымды сақтау және тасымалдау әдісін орнатуда, тасымалдау құралдарын және жабдықтауды таңдауда, қажет жұмысшылар саны мен өндірістік ауданды анықтауда бекітіледі . Дайын бұйымдардың қабылдану, сақталу, тасымалдану және түсірілу әдісі партиялық немес жеке болуы мүмкін. Жұмысшалардың дайын өнімнің қоймасының барлық операциялары бойынша саны мына формула бойынша есептеледі = ∑ сут Н выр , (9.1) мұндағы М сут - әрбір түрдегі бұйымның тәуліктік шығарылымы, бірл.; Н выр - ауысымдағы қабылдаушының (жинақтаушының және т.б. ) өңдеу нормасы, бірл. Шағын тігін өндірісінде дайын өнімнің қоймасы бір ауысымда жұмыс істейді. Қызметкерлердің болжамды саны жиынтық кестеде (9.1 - кесте) тұтас санға келтіріледі, дайын өнiм қоймасында жүргiзiлген операцияларды сатып алғаннан кейiнпайдаланылатын жабдықтың үйлесімділігін ескере отырып жүргізеді . Бір ауысымда қойма арқылы өтетін өнім санының орташа көрсеткіші (қабылдаушы - жинаушының өндіріс нормасы): ерлер мен әйелдер пальтосы - 78 бірлік, костюмдер - 88 бірлік, көйағын және жейде - 190 бірлік. Дайын тауар қоймасын есептеу [13,18] сәйкес жүзеге асырылады. Дайын өнімнің қойма алаңы мына формула бойынша есептеледі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==