Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

ескертпе береді. Топты (партияны) тексерген кезде, қабылдағыш әрбір маршрут парағына қол қояды және күнді алады. Қоймада әр бағыттағы парақты есепке алу және тіркеу жүргізіледі және жұмыс күнінің соңында қоймаға тауардың түсуі туралы қорытынды жасалады. Дайын тігін бұйымдарының қоймада орналасуы және сақталуы. Қабылдаушы қоймада бұйымдарды қабылдаған соң бір уақытта сақтау мекен - жайын тексере отырып, бұйымдарды сақтау үшін бір талдап іледі немесе бума түрінде сөрелерге орналастырады. Қоймада сақталатын дайын өнімнің күндік нормасы сауда жүргізетін ұйыммен сәйкес тапсырыс немесе келісім шартқа байланысты партия өлшеміне дейін өнімнің жинақталуына, сонымен қатар партияны түсіруге дайындалатын уақыттағы ең аз уақытпен анықталады. Өнім партиясының жинақталуына қажет уақыт, бұйымның әртүрлілігіне және өнім өндірудің бір күндік өндірістік мүмкіндіктеріне байланысты бір түсірілетін партияның жиынтығының қажеттілігінен тыс анықталады. Тігін өнеркәсіптерінің орташа статистикалық мәліметтері көрсеткендей, өнім партиясының топтастырылу және жинақталуға кететін уақыт 3 күннен 5 күнге дейінгі аралықты қамтиды. Осыған байланысты қоймада сақталатын бұйым қоры5 күннен аспауы керек. Дайын өнімнің түсірілуіне қажет уақыт оның түсірілу ретіне байланысты анықталады және 0,5- 1 күнді құрайды . Тігін бұйымдарының сауда ұйымдарының тапсырысы бойынша жинақтаулуы және тиелуі Қоймаға келіп түскен өнім қабылданған сақтау әдісіне байланысты сақтау орындарына жіберіледі. Егер шағын тігін өндірісі сауда жүргізітін ұйыммен байланысты болса, бұйымдарды қоймада сақтау аймағында топтастырылған партиямен сақтаған дұрыс. Сауда жүргізетін ұйымға тапсырыс көлеміне байланысты белгілі бір секциялар бекітіледі. Бұл жағдайда бұйымдарды жинақтау барысында, маршрут қағазында және бұйым қосымша қағазында сауда жүргізетін ұйымның шифрын көрсетеді және жинақтаушы бұйымның қандай дүкенге арналғанын орнатады. Қойманың сақтау аймағындағы бұйым партиясының жинақталуының кемшілігі, өлшем және бой бойынша сортталған бұйымдарды сақтаудан, біршама үлкен сақтау ауданы қажет. Егер тігін өнеркәсібі сауда жүргізетін ұйыммен тікелей байланыс орнатпаса, қоймада бұйымдарды өлшем және бой түрінде таңдалып реттелген күйде сақтаған дұрыс. Бұл жағдайда конвейердің жеке бөліктерінде анықталған бой мен өлшемдегі бұйымдар сақталады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==