Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

4 Агрегаттардың, қабырғадан және бағаннан, өтетін жердің үлкендігінен нормативті арақашықтықар орнатылған: - жоспарлаушы модульдердің арақашықтығы – 1,5 м - ден кем емес; - секциялардың арақашықтығы – 2 м - ден кем емес; - жан қабырғалардан жұмыс орындарына дейінгі арақашықтық – 0,8 - 1,2 м - ден кем емес; - бөлшекті іске қосу орындары мен дайын өнімді шығарудың орналасуында – дөңбек қабырғадан жұмыс орындарындағы арақашықтық – 3,5 - 4,5 м; - цехта бірнеше ағындар болғанда цехтың ені бойынша олардың арасындағы қашықтық – 1,5 – 2,0 м - ден кем емес; - негізгі өтетін орын 3,0- 3,5 м - ден кем емес; - жұмыс орындарынан бағандарға дейінгі қашықтық – 0,4 м - ден кем емес, бағандар өтетін жерге түсіп қалмауы керек. 8.6 Қатаң ырғақты көпүлгілі конвейерлі ағындар есебі Көпүлгілі ағындар үшін үлгілерді таңдау барысында, өнеркәсіптік үлгілердің жалпы талаптарынан басқа (бөлшектер мен өңдеу әдістерін, арнайы машиналарды, жартылай автоматтарды, бекітудің желімдік әдістерін унификациялауды қолдану), үлгілердің біркелкілігімен: өңдеу әдісі, жабдық, операция мазмұны, жұмысшылар саны, жұмыс қабылдауына және икемділігінебайланысты арнайы талаптар ұсынылады. Кері жағдайда жаңа үлгіге көшу барысында қиындықтар пайда болады: жабдықты ауыстыру қажеттілігі, жұмысшыларды қайта квалификациялау, жұмысшыларды ағыннан ағынға ауыстыру, сапаның нашарлауы, ағынның психологиялық жабдықталу қиындығы. Көпүлгілі ағындарда іске қосудың үш түрі болуы мүмкін: - циклді; - кезекті - ассортиментті; - комбинирленген. Циклді іске қосу кезінде есептеудің ерекшеліктері Іске қосудың бұл түрін регламенттелген ырғақты конвейерлі ағындарда келесі жағдайларда қолданған дұрыс: - тең мөлшерде аздаған үлгілер санының бір уақытта дайындалуы; - бір типті жабдықтардың және біртипті технологиялық жарақ жабдықтының қолданылуы; - жекелеген бөлшектердің өңделуінде бірізділікте кемшіліктері бар, әртүрлі деңгейдегі және еңбексыйымдылықтағы киім үлгілерінің дайындалуы.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==