Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Берілген нұсқада өңделген түйіндер жинақтау үстеліне емес, бұйыммен біріктірілетін монтаждау секциясының жұмыс орындарына түседі. Бұл жағдайда монтаждау секциясы ортада орналасады, ал дайындау секциясының топтары монтажға өңделген түйіндердің еркін берілуін қамтамасыз ету үшін технологиялық операцияның монтаждау секциясының айналасында орналасады. Тігін ағындарын жоспарлау талаптары Жұмыс орындарын жоспарлауды ағынның ұйымдастыру - технологиялық сызбагұсқасын және монтажды графикті немесе ұйымдастырылған - технологиялық сызбанұсқаның графасын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. Ағындарды орналастыру талаптары: 1 Ғимарат ауданының барынша рационалды қолданылуы ( бір орындаушыға кететін аудан орнатылған нормадан аспауы керек) 2 Іске қосудың жұмыс орнын қима келіп түсетін орынға орналастыру керек, ал шығару орны – дайын өнімді өткізу орнында. Іске қосу мен шығаруды мүмкіндігінше цехтың қарама - қарсы шеттеріне орналастырады. 3 Тасымалдау жолдарының көп мөлшері дайын өнімнің өзіндік құнына әсер ететін тартылыс станцияларының үлкеюіне әкелетін болғандықан, конвейерлі ағындардың ұзындығын өте қысқа етіп алудың қажеті жоқ ( 20- 25 м - ден кем емес). Ағындық сызықтың 35 м - ден аса ұзындығында жанама өтетін жерлерді қарастыру қажет.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==