Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

Жұмыс орындарының диагональды орналасуы тиімді болып табылады: - ж/ф қозғалыс жолын азайту есебінде еңбек өнімділігін арттыру - орындаушылардың еңбек жағдайын жақсарту - механикалық транспортерлер ұтымды қолданылады. Конвейерлі ағындарда жұмыс орындарының көп жағдайда көлденең, кейде бойлық орналасуы қолданылады. Агрегатты - топтық ағындарда әртүрлі комбинацияда жұмыс орындарының орналасуының барлық үш нұсқасы да қолданылады. Практика көрсететіндей, екі адамнан көп емес тізбекте байланысқан операцияларда орындау уақытында жұмыс орындарының түзусызықты орналасуы мүмкін. Үш және одан да көп адамдардың еселенуінде жабдықтың орналасуы топтық еңбек заттарының қозғалысының қисықсызықты траекториясымен. Топтық орналасудың нұсқалары бірнеше болуы мүмкін. Бұл жағдайда жоспарлаудың сипаты өндірістік орынның формасымен және көлемімен анықталады және цехтардың аумағын ең жақсы бейне түрінде қолдануға мүмкіндік береді. АТА жоспарлық шешімдерін қалыптастыру үшін жұмыс орындарының орналасуының сызбанұсқасының классификаторы қолданылады және осы классификатордың қолданылу матрицасы қолданылады. Әртүрлі типтегі ағындарда жұмыс орындарының орналасуы Агрегатты - топтық ағында (АТА) жұмыс орындарының орналасуы Агрегатты - топтық ағында жұмыс орындарының орналасуының үш түрлі нұсқасы бар: 1) дайындау секциясына сәйкес

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==