Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Жұмыс орындарын (ЖО) жоспарлауда үш сұрақ шешілуі керек: 1) жұмыс орындарының орналасуын және өлшемін таңдау; 2) жұмыс орындары бойынша операцияларды орналастыру; 3) процестердің (ағындардың) цехта орналасуы. Жұмыс орындары жұмыс істеу ыңғайлы болатындай, жұмысшылар барынша қарапайым және аз қозғалыстар орындайтындай, оларда еңбек заттарын және жабдықтарды орналастыруы ыңғайлы болатындай орналасу керек. Тәжірибеде тігін өндірістерінің жұмыстарында келесідей ағынның осьтік сызығы бойынша жұмыс үстелдерінің орналасу нұсқалары кездеседі: - көлденең – үстелдер жартылай фабрикаттар орын ауыстыратын транспортты лентаға немесе үстеларалыққа перпендикуляр орналасады. - бойлық – үстелдер ағынның осьтік сызығына параллельді орналасады. - диагональды – ЖО ағынның осьтік сызығында кейбір бұрыштың астында орналасады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==