Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

Тасымалдау жүйесі келесідей жұмыс істейді. Ашылған бөлшектерді іске қосушы үстелінде орналастырады,ол әрбір каретка - қысқышта бір бұйымға арналған бөлшектердің толық жиынтығын орналастырады. Каретканың нөмірі орталық ЭЕМ жадына енгізіледі. Жүктелген каретканы іске қосу учаскесінің транспортеріне орналастырады. Тәжірибелі іске қосушы мржетті бұйымдағы бөлшектердің санына байланысты 8 сағат ішінде 1500 - ге жуық каретканы жүктеу.Іске қосуды үйрететін Транспортер автоматты түрде жүйеге каретканы енгізеді. Одан әрі каретка жұмыс орнына шығарылады. Креткаларды жұмыс орындарына жылжыту ЭЕМ және әрбір жұмыс орнында пневматикалық ауыстырып қосқышпен бақыланады. Қызметкер бөлшекті өңдегеннен кейін, тігін басында орналасқан "Жіберу" батырмасын басады, бөлшек автоматты түрде жойылады және кареткада келесі операцияға жылжиды. Бір уақытта жұмыс орнына келесі бұйым басқа кареткаға беріледі. Жүйедегі ЭЕМ қызметкерлердің өнімділігін бақылайды және соған сәйкес бұйымдармен кареткаларды жұмыс орындарына бөледі. Егер жұмыс орны жүктелген болса, каретка жанынан өтеді және жүйе бойынша айналады. Егер жұмыс орны жүктелуді жалғастырса, каретка артық жүктеме аймағына ауыстырылады. Жүйеде орындалатын операцияның сапасын бақылау жүзеге асырылады, себебі ЭЕМ жадында бөлшектермен каретканың нөмірі және бөлшектермен жұмыс істейтін жұмыс орны тіркеледі. Тасымалдау роботтары роботтың еденді және аспалы жылжуымен болады. Қазіргі уақыттағы қолданылатын роботтар поддон түріндегі арнайы сыйымдылыққа ие, онда аттас бөлшектердің бумасы орналастырылады. Робот жұмыс орнына жақындайды, бөлшектерді өңдеуге береді және өңделген бөлшектерді жинайды. Мұндай роботтар ерлер жейдесін тігудің дайындау секцияларында қолданысқа ие.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==