Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
98 қамырды салады. Қалыптарды 35 0 C температурадағы, ауасының салыстырмалы ылғалдығы 75–80 % болатын термостатқа жетілдіру үшін салып қояды. Зертханада ол үшін арнайы жетілдіргіш-тұрғызғыш шкаф қарастырылған. 1. Нҧсқа. ШРЛ–065 СПУ тұрғызғыш шкафында қамыр дайындамасын жетілдіру. Ол 15-суретте келтірілді. Сурет 15. Зертханалық ШРЛ-065 СПУ тұрғызғыш шкафы Зертханалық ШРЛ-065 СПУ тұрғызғыш шкафының жұмыс істеу принципі: 1. Ток кӛзіне қосыңыз. 2. "СЕТЬ" белгісі жазуы барды қосады, сосын термостаттың есігінде қойылған таблоға ішіндегі температура шығады. Егер берілген температура камераның ішіндегі температурадан жоғары болса "НАГРЕВ "индикаторы және сандық таблода жарықтық индикатор қосылады. Индикаторлар қызған кезде белгі береді. 3. Берілген ақпаратты жадында жазып алу үшін және шкафты жұмысқа қосу үшін «Р» пернесін басады, сандық индикатордың оң разрядындағы нүкте ӛшеді. Берілген температура шкафтың жадында қуат кӛзі ӛшкенге дейін сақталады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==