Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

95 Керекті қҧралдар және жабдықтар : бидай ұны; престелген ашытқы; ас тұзы; ауыз су; термометр; таразы; эмальды кастрюлдер; жетілдіргіш шкаф; зертханалық пеш; титрлеу қондырғысы; кептіргіш шкаф немесе аспап; Журавлев аспабы; эксикатор; сигналды қондырғылы сағат; қалыптағы нанның кӛлемін анықтайтын құрылғы, домалақ нанның кӛлемін анықтайтын сызғыш, пышақ, үккіш; газет, сүзгі қағазы, бюкса, 500 см 3 кӛлемді бӛтелке (сүтке арналған сияқты); 100, 250 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы кӛлемді колбалар; 50, 100, 150, 250 см 3 кӛлемді стакандар мен конустық колбалар; 25, 50 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы тамшуырлар; 4-ші санаттағы бюреткалар;1000 см 3 сыйымдылықтағы ӛлшенді цилиндр; 0,5 мл тығыны бар шыны ыдыс; ағаш қалақтар немесе ұшында резеңкесі бар шыны таяқшалар; термометр; медициналық дәке; натрий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; калий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; дистилденген су; тесік ӛлшемі 1,2 және 2,2 мм метал електер. Сынақты жҥргізу : Ашытапсыз әдіспен бидай ұнынан қамыр илеп, ашытуға қойып қамырдың және одан алынатын нанның сапасын стандарттық талаптар бойынша анықтау үшін белгілі рецептуралық тізім мен олардың қатынасы керек. Ең бірінші керекті шикізаттардың мӛлшері анықталып (ұн, ашытқы, тұз және су) олардың ылғалдығы бойынша судың мӛлшері есептеледі. Сынақ нан пісіру үшін қамыр дайындау рецептурасы тӛмендегі 13-кестеде келтірілген. Барлық рецептурадағы шикізаттардың сапа кӛрсеткіштерінің стандарттық талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Кесте 13 Ашытпасыз әдіспен қамыр дайындаудың рецептурасы Шикізат атауы Шикізат мӛлшері, % Бидай ұны 100 Престелген ашытқы 2,5 Ас тұзы 1,5 Су Есеп бойынша

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==