Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

90 Нанның қышқылдығын арбитражды әдіспен анықтау . Ол үшін 0,01 г дәлдікпен 25 г ұсақталған нанның жұмсағын алады да, оны 500 см 3 сиымдылықтағы бӛтелкеге салып 250 мл бӛлме температурасындағы 18-25 0 С дистилденген судың 4/1 бӛлігін құяды. Оны ағаш таяқшамен немесе ұшында резеңкесі бар шыны таяқшалармен жақсылап езеді. Езілген ӛлшендінің үстіне қалған суды құяды. Бӛтелкені жақсылап тығынымен жауып, 2 минут тынбай шайқайды да, 10 минут тыныштыққа қалдырады, сосын оны тағы да 2 минут шайқап тағы да 8 минутқа қалдырады. Тұрған ерітіндіні елек немесе дәке арқылы сүзеді. Алынған сұйықтан тамшуырмен 50 см 3 екі 100-150 см 3 сиымдылықтағы колбаларға алады да, 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, 0,1 нормаль калий немесе натрий гидрооксидімен ақшыл-күлгін түске енгенше титірлейді. Түс 1 минутта кетпейтіндей болуы керек. Егер түс 1 минут жоғалып кететін болса титрлеуді жалғастырады. Тездетілген әдіс . Ол үшін 0,01 г дәлдікпен ӛлшенген 25 г ұсақталған нанның жұмсағын алып 500 см 3 сиымдылықтағы бӛтелкеге салып, 250 см 3 60 0 C температурадағы дистилденген су құяды. Оны ағаш таяқшамен жақсылап езеді. Бӛтелкені жақсылап тығынымен жауып, 3 минут тынбай шайқайды да, 1 минут тыныштыққа қалдырады, ерітіндіні елек немесе дәке арқылы сүзеді. Алынған сұйықтан тамшуырмен 50 см 3 -ден екі 100-150 см 3 сиымдылықтағы колбаларға алады да, екі үш тамшы 1%-дық фенолфталеиннің спирттік ерітіндісін тамызып, 0,1 нормаль калий немесе натрий гидрооксидімен ақшыл күлгін түске енгенше титірлейді. Түс 1 минутта кетпейтіндей болуы керек. Егер түс 1 минут жоғалып кететін болса титрлеуді жалғастырады. Егерде дистилденген судың орнына ауыз суды қолданатын болса, оны міндетті түрде алдын ала титрлейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==