Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

89 Нан жұмсағының кеуексіз тығыздығы, г/см 3 – қара бидай наны, қара бидай бидай наны және қарапайым бидай наны үшін – 1,21; қайнатпалы нан үшін – 1,21; І сұрып бидай наны үшін – 1,31; ІІ сұрып бидай наны үшін – 1,26. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің кеуексіз тығыздығы МЕМСТ 5669- 96 талабы бойынша келтіріледі. Кеуектілік пайызын есептеу 1,0 % дәлдікке дейін жүргізіледі. Нанның қышқылдығын анықтау. Нанның қышқылдығы оның сапасын және гигиеналық жағдайын сипаттайды. Нанның қышқылдығы негізінен қамырдың ашуы нәтижесінен пайда болады. Нанның қышқылдығы пайызбен белгіленеді. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің қышқылдығы МЕМСТ 5670-96 бойынша анықталады. Нанның қышқылдығын анықтау титрлейтін құрылғыда сілтімен титрлеу арқылы жүргізіледі (12-сурет). Сурет 12. Титрлеу құрылғысының кӛрінісі Стандарт бойынша қышқылдылықтың максимум нормасы қара бидай наны үшін – 9-12 0 ,ал бидай наны үшін – 2-6 0 аралықта болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==