Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

88 Пареллель анықталған ылғалдылық нәтижесі арасындағы жіберілетін айырмашылық, сондай-ақ таңдалып алынған зертханалық үлгілердің бір мезетте анықталған ылғалдығы нәтижесі арасындағы айырмашылық 1 %-дан аспауы керек. Ылғалдылық 0,5% дәлдікке дейін есептеледі; 0,25%-ға дейінгі есептелмейді; 0,25%-дан жоғары және 0,75 %-ға дейін 0,5- ке теңестіріледі; 0,75 %-дан жоғары болса 1-ге теңестіріледі. Нанның кеуектілігін анықтау. Нанның кеуектілігі деген түсінік нан жұмсақ ортасының торкӛзінің пайыздық мӛлшері. Нанның кеуектілігін Журавлев аспабында Якоб әдісі бойынша анықтайды. Журавлев аспабының кӛрінісі 2-суретте келтірілген. Нанның кеуектілігін Якоб әдісі бойынша анықтау үшін 27 см 3 Журавлев аспабының түтікшелі цилиндр арқылы нанның қабырғасына 1 см қашықтықтан нан кескінін кесіп алады. Түтікшенің аузын алдын ала майлап алады. Цилиндрлі түтікшені нанның жұмсақ ортасына айналдырып кіргізіп кескінді шығарып алады, лоток тақташасына қойып ағаш тығынмен 1 см етіп аздап тығыздап итеріп кеседі. Кесілген нанның жұмсақ ортасын былай шығарып алып, қалғанын тағы да итеріп кеседі. Бидай нанының кеуектілігін анықтау үшін үш кескін, ал қара бидай наны үшін тӛрт кескін (кӛлемі әр кескіннің 27 см 3 ± 0,5) алады. Тӛрт немесе үш кескін алуға болмайтын ұсақ ӛнімдер үшін екі кескін немесе екі ӛнімнен бір бір кескін алады. Дайындалған кескіндерді бірге техникалық таразыда ӛлшейді. Нәтижені өңдеу. Нанның кеуектілігі мына формуламен анықталады, %: = – g ρ ∗ 100, (2.3) Мұндағы, V- жалпы кескіндердің кӛлемі, см 3 ; g - кескіндердің салмағы, г; ρ - нан жұмсағының кеуексіз тығыздығы, г/см 3 .

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==