Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

86 кептірігіш шкафқа салып осы температурада 20 мин ұстайды да, алып шығып, эксикаторға салып, суытып алып ӛлшейді. Сынаманы дайындау: Салмағы 0,2 кг нан және нан-бөлішке өнімдері. Зертханалық үлгіні теңдей етіп кӛлденеңнен кеседі де, бір бӛлігінен сыртқы қабығынан 1 см қашықтықтан 1-3 см қалыңдықта кескін кесіп алады. Ішінде кӛкнәр дәнінен басқа мейіз, езбелер, жаңғақ бәрін алып тастайды. Бӛліп алған сынама массасы 20 г нан аз емес болуы керек. Салмағы 0,2 кг-нан төмен нан және нан-бөлішке өнімдері. Зертханалық үлгінің ортасынан 3-5 см қалыңдықта кескін алады да, сыртқы қабықтан жұмсақ ортаны және де ішіндегі қоспаларды кӛкнәр дәнінен басқаның бәрін алып тастайды. Бӛліп алған сынама массасы 20 г нан аз емес болуы керек. Сыртқы қабығымен ылғалдығын анықтайтын өнімдерді (таба нандар және т.б.) тӛрт бірдей бӛлікке бӛліп, әрбір зертханалық үлгіден кӛк нәр дәнінен басқа қоспаларды алып тастап бір бӛлігін таңдап алады. Таңдап алынған сынаманың салмағы 50 г аз болмауы керек. Сынақты жүргізу. Дайындалған сынамаларды тез және мұқият пышақпен, үккішпен немесе механикалық ұсақтағышпен ұсақтап, араластырып, тез арада алдын ала кептіріліп, салқындатылған 2 метал бюксаларға 5 г-нан 0,01 г дәлдікпен ӛлшеп ӛлшенді салады. Қақпақтары астына қойылған ашық бюксаларда дайындалған үлгілерді электрлі кептіргіш шкафқа салады. СЭШ-1 және СЭШ- 3М маркалы шкафта (11-сурет) ӛлшенділерді бюксаларды салған уақыттан бастап 130 ˚C температурада 45 мин ішінде кептіреді. 130 ˚C температурадан тӛмендеу және жоғарылау ұзақтығы 20 мин кӛп болмауы керек. Кептіруді шкафты толықтай толтырып барып жүргізіледі. Ӛлшенділерді кептіру басқа да маркалы электрлі шкафтарда жүргізіле береді. Мұндай жағдайда 130 ˚C температурада 40 мин ішінде кептіреді. Бюксаларды салған мезеттен бастап 130 ˚C температураға жеткізу 10 мин кӛп болмау керек. Барлық маркадағы кептіргіш шкафтардың температурасының ауытқуы ±2 ˚C.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==