Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

85 Нан-бөлішке өнімдерінің үгітілген жұмсағын кептіру әдісі Сынаққа дайындау . Нан-бӛлішке ӛнімдерінің сынамасын пышақпен немесе үккішпен ұнтақтайды. Сынақты жүргізу. Ұнтақталған үгітіндіні 5 граммнан шашылмайтындай етіп етіп 0,01 г дәлдікке дейін зертханалық таразыда ӛлшеп, 1,5-2,0 мм қалыңдықтағы алдын ала кептіріліп, салқындатылған пакеттерге салады. Үгітінді салынған пакеттерді 160 0 C температурада 5 мин кептіреді. 1–2 минут эксикаторда суытып формуламен нанның ылғалдығын анықтайды. Нәтижені өңдеу. Буланып ұшқан суды кептірілетін нан ӛнімдерінің массасына пайыз түрінде белгілейді. Сурет 10. Чижов аспабының кӛрінісі Бұл құрылғы тағамдық шикізат пен ӛнімдерді белгілі бір уақыт ішінде кептіруге мүмкіндік береді. Кептірудің алдында және одан кейін ӛлшеу нәтижелері оның ылғалдылығын есептеу үшін пайдаланылады. Нан-бөлішке өнімдерінің ылғалдылығын стандартты тездетілген әдіспен анықтау Ылғалдылықты анықтау МЕМСТ 21094-75 бойынша жүргізіледі. Бұл стандарт нан және нан-бӛлішке ӛнімдерінің ылғалдығын анықтау үшін бекітілген әдіс. Бұл әдісте ұнтақталған нанның жұмсақ ортасы ӛлшендісін белгілі температурада кептіріп, ылғалдылығы есептеледі. Сынаққа дайындау . Қақпағын астына кигізіп метал бюксаларды алдына ала 130 ˚C температурада қыздырылған

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==