Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
80 Нанның сапасы мемлекеттік стандартқа, республикалық техникалық шарттарға және балдық баға кӛрсеткіштеріне сәйкес келуі керек. Дайын ӛнімнің сапасы кӛзмӛлшерлік және физикалық- химиялық кӛрсеткіштер бойынша анықталады. Көзмөлшерлік көрсеткіштер бойынша: оның сыртқы түріне, қыртысының түсіне, жұмсақ ортасының түсі және серпімділігіне, кеуектілігінің жағдайына, дәмі мен хош иісіне кӛңіл бӛледі. Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша : нанның ішкі жұмсағының ылғалдылығы, қышқылдылығы, кеуектілігі анықталады. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Дайын қалыптағы және домалақ нан; Зертханалық таразы; Титрлеу қондырғысы; Электрлі кептіргіш СЭШ шкафы немесе Чижова аспабы; Эксикатор; Журавлев аспабы; Сигналды қондырғылы сағат; Сызғыш; Пышақ, Үккіш; Термометр; Газет; Сүзгі қағазы, Елек; Бюксалар; 500 см 3 кӛлемді бӛтелке (сүтке арналған сияқты); 100, 250 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы кӛлемді колбалар; 50, 100, 150, 250 см 3 кӛлемді стакандар мен конустық колбалар; 25, 50 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы тамшуырлар; 4-ші санаттағы бюреткалар; 1000 см 3 сыйымдылықтағы ӛлшенді цилиндр; 0,5 мл тығыны бар шыны ыдыс;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==