Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

78 механикалық қамыр қалыптайтын құрылғы, ашыту және тұрғызуға арналған термостат, нан пісіретін пеш, нанның кӛлемін және оның басқа да сапалық кӛрсеткіштерін анықтауға арналған басқада аспаптар) бірыңғайландыру және стандарттау міндетінің маңызы зор. Бұл міндеттерді қарастырмайынша сынақ нан пісірудің кез келген әдістері салыстырмалы және (кӛбейтілетін) ұдайы ӛндірілетін нәтижелер бере алмайды. Сонымен қатар сынақ нан пісіру – зертханада жақын кезеңде жоспарланған ұн қоспаларынан қамырдың ӛндірістік рецептурасын және дайындау, ашыту және пісіру режимі параметрлерін нақтылау, жекелеген технологиялық шығындар және нан шығымын немесе басқа да жағдайларды анықтау мақсаттарына сай жүргізілуі мүмкін. Зертханада сынақ нан пісірудің бір қатар әдістері осы оқу құралында «Нан ӛндірісінің технологиясы» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге нұсқаулық ретінде келтірілді. Зертханалық жұмыстарды орындау оқу зертханасында іске асырылады. Зертханалық жұмыстардан жоғары нәтиже алу үшін әрбір жұмыста топшалар құрылады. Топшалардың саны жұмысты орындау кезінде тәжірибе жүргізу үшін минималды керекті студенттер санына қарай анықталады. Студенттер зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін алдын ала дайындалады. Жұмыстың теориялық бӛліміне дайындалу кезінде дәріс материалдарын, оқулықтар және басқа да әдістемелік әдебиеттерді қолдану ұсынылады. Сабақта оқытушы студенттердің жұмысты жүргізуге дайын екендігін тексеріп оны орындауға рұқсат береді. Зертханалық жұмысты орындау әдістемелік нұсқауға сай жүргізіледі. Жұмыс оқытушы немесе зертхана қызметкерлерінің қатысуымен орындалады. Зертханалық жұмысты орындап болған соң студенттер ӛздігінен алынған нәтижелерді қорытындылайды. Барлық қажетті есептеулерді және қорытындыларды дәптерлеріне толтырады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==