Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

72 1,84 тығыздықтағы концентрленген күкірт қышқылы және ерітінді 0,1 моль/дм 3 эквивалент-заттың шайырлы концентрациясы. Метилді қызғылт сары; Сынап; Мырыш шаңы; Тазартылған су. Сынақ жүргізу. Ұсақталған нанның жұмсақ ортасынан салмағы 1,5 г ӛлшенді ӛлшейді (ӛлшеу нәтижесі екінші ондық белгіге дейін жазылады), сыйымдылығы 250 см 3 Къельдаль колбасына салады және 20 см 3 концентрленген күкірт қышқылы мен металл сынаптың 1 тамшысын қосады. Колбаның ішіндегісін сорып шығатын шкафында жандырады. Колбаны электр плиткасына салып, ерітіндінің толық түссіздігіне дейін қыздырылады. Содан кейін колбаны салқындатады, ішіндегіні дистилденген сумен абайлап сұйылтады және сыйымдылығы 500–700 см 3 түбі жайпақ колбаға апарады, оған сондай-ақ Къельдаль колбасын жуу үшін пайдаланылатын дистилденген су қосылады. Түбі жайпақ колбадағы сұйықтықтың кӛлемі 250 см 3 аспауы тиіс. 5 қабылдағышқа (7-сурет) күкірт қышқылының 20 см 3 ерітіндісін және метилді қызғылт сары индикаторының 3 – 4 тамшысын құяды. 4 түтікшенің соңы қышқыл ерітіндісіне батырылуы тиіс. Сурет 7. Айдауға арналған құрылғы: 1 –түбі жайпақ колба; 2 –тамшы; 3 —тоңазытқыш; 4 –иілген түтік; 5 –қабылдағыш.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==