Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

68 Нан жҧмсағының деформациясын анықтау. Әдіс нан жұмсағының жалпы, эластикалы және серпімді деформациясын анықтауға негізделген. Нан жұмсағының деформациясы арқылы ӛнімнің ескіруін де анықтауға болады. Бұл кезде нан жұмсағын жылдамдығы 0,5 мм/с «Цилиндр Ø36» идентормен қысу жағдайында жұмсаққа тигеннен бастап 7 г күш беруден 500 г-ға дейін күш беріліп, содан кейін идентор сондай жылдамдықта 7 г күшке дейін кері қозғалады. Анықталатын параметрлер: h жал – жалпы деформация, мм; h соз – созылмалы деформация, мм; h сер – серпімді деформация, мм; Δ h – жұмсақтың эластикалығы (hсер / hжал) Нан жҧмсағының деформациясын анықтау ҥшін аспабтың қҧрамында: 1 - «Структурометр СТ – 2» текстура анализаторы; 2 – «Цилиндр Ø36» иденторы; 3 - «Негізгі ұстағыш» идентормен; 4 – алмалы-салмалы стӛл; 5 - №1 қақпақ болуы керек. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің жұмсағы сынамасын дайындау: талданатын нан ӛнімін алып, 25 мм қалыңдықта бір немесе 12,5 мм қалыңдықта екі нан тілімін кесіп алады. 12,5 мм қалыңдықтағы екі тілімді 25 мм қалыңдықта болатындай етіп бір тілім дайындайды. Нан жұмсағының деформациясын анықтау: 1. Дайындалған нан тілімі «Структурометр СТ – 2» аспабының басында «Цилиндр Ø36» иденторы бекітілген ӛлшенді бастиегінің астындағы алмалы-салмалы стӛлінің үстіне қойылады. 2. Аспап иденторы поршень нан тіліміне тимей жақындағанға дейін тӛменге түсіріледі, осы кезде алдын ала СТ – 2 – 05 аспабының жұмыс режимі бекітілген «Бастау» түймешесі басылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==