Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
63 ұқсас ӛлшемді түйіршіктер қолданылады. Түйіршіктер нанның бетінде электртогымен зарядталмайтын және толтыратын ыдыстың қабырғасына жабыспайтындай болуы керек. Сынақты жүргізу. Нанның кӛлемін арнайы қондырғылар мен құралдар арқылы ӛлшейді. Нанның кӛлемін анықтайтын ОЛХ құрылғысы (4-сурет). Нан көлемін өлшейтін құрылғы және жұмыс барысы. Бұл қондырғы сыртында 2 үлкен сыйымдылыққа бекітілген тік осьтен айналатын түбінде тӛменге қарай 5 ағатындай етіп қамтылған 1 сыйымдылықтан тұрады. Түйіршікті дәнді 1 ыдыстың ішіне үйінді етіп салып 7 сызғышпен артығын тегістеп 6 ыдысқа түсіріп бӛлек алып тастау керек. Беті тегістелген дәні бар 1 ыдысқа бүтін нанды салып артық дәнді 6 ыдысқа түсіріп, сол ыдыстан дәнді нанның бетіне 1 ыдысқа қайта үйіп салады. Сурет 4. Нан кӛлемін ӛлшейтін құрылғының кӛрінісі Артығын 7 сызғышпен түсіріп тастайды. 6 ыдысқа түскен дәнді 8 ӛлшемі бар ӛлшемді цилиндрге ожаудың кӛмегімен салып ӛлшейді. Алынған см 3 санды дәптерге жазып алады. Цилиндрдегі см 3 дәннің кӛлемі сыналып жатқан нанның кӛлемі болып табылады. Нанның меншікті кӛлемін анықтау. Нанның меншікті кӛлемін нанның см 3 кӛлемі бойынша анықталған мӛлшерін оның граммдағы салмағына бӛлу арқылы табады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==