Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

62 W – сыналатын ӛнімдегі МЕМСТ 21094-75 бекіткен әдіспен анықталған ылғалдың массалық үлесі, %. Есептеу екінші ондық белгі мен келесі бірінші ондық белгіге дейін дӛңгелектеніп жүргізіледі. Соңғы нәтиже үшін екі параллельді анықтамалардың орташа арифметикалық саны қабылданады, олардың арасындағы айырмашылық бір зертханада 0,5% – дан және әр түрлі зертханада 1% – дан аспауы тиіс. 1.2.8 Нан ӛнімдерінің меншікті кӛлемін анықтау Нанның меншікті кӛлемі – нан-бӛлішке ӛнімдерінің кеуектілігін, оның сыртқы түрін сипаттайтын жанама кӛрсеткіш болып табылады. Әдіс жалпы қабылданған (стандартты емес) нан-бӛлішке ӛнімдері үшін қолданылады. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің кӛлемі сусымалы толтырылған затқа (ұсақ дәндер) нанды нығыздап салу принципі бойынша жұмыс істейтін құрылғы (кӛлем ӛлшегіш) немесе арнайы қамтылған құрылғының кӛмегімен ӛлшенеді. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Нан-бӛлішке ӛнімдерінің кӛлемін ӛлшеу үшін арналған құрылғы; 1000 см 3 сыйымдылықтағы ӛлшенді цилиндр; Тесік ӛлшемі 1,2 және 2,2 мм метал електер; Сызғыш; Зертханалық таразы. Сынаққа дайындау . Дайын нанның меншікті кӛлемі нан суыған соң анықталады. Нанның меншікті кӛлемін анықтау кезінде сусымалы жиынтық материал ретінде кез келген ұсақ түйіршікті дән пайдаланылады: тары, рапс және осыларға ұқсас дәндер. Дәндер жоғарғы елек 2,2 мм тӛменгі 1,2 мм дӛңгелек тесіктері бар металл елегішпен еленуі тиіс. Жұмыс істеу үшін тек електің тӛменде қалған фракциясы қолданылады. Толтырғыш ретінде ӛсімдік емес материалдардан тасымалдау кезінде қасиетін ӛзгертпейтін сусымалы заттарға

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==