Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

61 тиіс. Тығыз емес сүзгі қағазды пайдалану кезінде екі қабатты сүзгі қағаз жасалады. Сүзуге арналған түтікшені оның тӛменгі ұшы үккіш- эксикатордың түбінен 1 см қашықтықта болатындай етіп бекітеді. Тамшуырдың ұшы қағаз сүзгі жазықтығынан 1,0–1,5 мм жоғары бекітілуі тиіс (сүзуге арналған түтіктің және тамшуырдың орналасуы тіркеледі), бұл сүзу үдерісін жеңілдетеді және жеделдетеді. Резеңке үрімше кӛмегімен қысқа иілген түтікше арқылы айдалатын ауаның әсерінен май ерітіндісі сүзгі арқылы ӛтіп, тамшуырға түседі. Тамшуырмен 10 немесе 5 см 3 май ерітіндісін алады және сыйымдылығы 50 см 3 жуық алдын ала кептірілген және ӛлшенген конустық колбаға апарады. Колбадағы хлороформ құм немесе су моншасында тоңазытқышты пайдалана отырып айдалады. Колбада қалған майды 1,0 – 1,5 сағат бойы 100 – 105 0 С температурада тұрақты массаға дейін кептіреді, эксикаторда салқындатады және ӛлшейді. Тамшуырлармен іріктелген майдың 10 немесе 5 см 3 сығындысын кептірудің жеделдетілген әдісі кезінде алдын ала кептірілген және аналитикалық таразыларында ӛлшенген алюминий шыны аяқтарға салады. Хлороформ құм моншасында 140–150 0 C температурада буланады. Хлороформды булау және майды кептіру 10 минут ішінде жүргізіледі. Құм моншасына шыны салынған сәтте оның хлороформы толығымен буланған жағдайда, қыздыруды 4 минут бойы жүргізеді. Осыдан кейін ӛнімі бар шыныны эксикаторға салып, бӛлме температурасына дейін салқындатады және талдау таразыларында ӛлшейді. Нәтижелерді өңдеу. Майдың массалық үлесі (Х) пайызбен мына формула бойынша есептеледі: = 1 ∗50∗100 ∗ 2 ∗ 100 100− , (1.23) Мұндағы, m 1 – құрғақ майдың салмағы, г; m 2 – сыналатын ӛнімнің салмағы, г; V – майды анықтау үшін алынған ерітіндінің кӛлемі, см 3 ;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==