Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
59 П р – еріткіштің сыну коэффициенті; П рж – еріткіште май ерітіндісінің сыну коэффициенті; П ж – майдың сыну коэффициенті; m – ӛнімнің салмағы, г; W – сыналатын ӛнімдегі ылғалдың массалық үлесі, %, МЕМСТ 21094-75 бойынша анықталған. Егер бұйымда белгісіз май немесе майлардың күрделі қоспасы болса, онда алдын ала 5 – 10 г майды үш есе мӛлшердегі хлороформмен экстрагирлейді, колбаны 15 мин бойы шайқайды, сүзеді, еріткішті айдайды, қалдықты кептіреді және сыну коэффициентін анықтайды. Майлардың қоспасы немесе белгісіз майлар үшін тығыздығын 0,925 тең деп алады. Есептеу екінші ондық белгі мен келесі бірінші ондық белгіге дейін дӛңгелектеніп жүргізіледі. Соңғы нәтиже үшін екі параллельді анықтамалардың орташа арифметикалық саны қабылданады, олардың арасындағы айырмашылық 0,5% - дан аспауы тиіс. Экстракциялық-салмақтық әдіс (тездетілген). Әдістің мәні. Әдіс сусыз кӛмірқышқыл содасының (Na 2 CO 3 ) талданатын үлгіге, органикалық еріткіште қарқынды ысқылау кезінде арнайы сығындыда майды экстракциялау және ауаны айдайтын ерітіндіні сүзу әдісіне негізделген. Майдың мӛлшерін алынған ерітіндінің белгілі бір кӛлемінен еріткішті алып тастағаннан кейін ӛлшеу арқылы анықтайды. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Арнайы аспап металл үккіш-эксикатордан, пестик және штативтен, сүзгіш түтікше және резеңке тығында бекітілген ауаны айдауға арналған түтікшеден тұрады; Зертханалық таразы ± 0,05 г дәлдікке дейін рұқсат етілген; Су немесе құм моншасы; Сағат;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==