Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

55 Диаметрі 7 см аспайтын кіші келсап немесе фарфор шыныаяқ; Сүзгіш қағаз; Медициналық гигроскопиялық мақта; Сусыз кӛмірқышқыл натрий; Сірке қышқылы, х.т. салмақтық үлесі 80%; Саңылаусыз сүзгіштер; 1,66-ға жуық сыну коэффициенті бар α-бромнафталин; 1,63-ке жуық сыну коэффициенті бар α-хлорнафталин; Су моншасы; Тазартылған су немесе ауыз су. Метрологиялық сипаттамалары кӛрсетілген параметрлерге сәйкес келетін ұқсас отандық және импорттық жабдықтарды, зертханалық ыдыстар мен реактивтерді қолдануға рұқсат етіледі. Сынаққа дайындау . 20°C температурада α – бромнафталиннің немесе α – хлорнафталиннің сыну коэффициентін анықтайды, осы еріткіштің 1 – 2 тамшысын рефрактометр призмасына жағады. Еріткіштердің тығыздығы (ρ) в г/см 3 в 20°С кезінде пикно- метрмен анықталады (3 сурет) және формула бойынша есептеледі: = / , (1.20) Мұндағы, q – пикнометрдің су саны, см 3 ; m - еріткіштің массасы, г. Ӛлшеуді 0,005 г артық емес қателікпен жүргізеді. Параллель ӛлшеулер арасындағы айырмашылық 0,015 г аспауы тиіс. Сыйымдылығы 2 – 5 см 3 тамшуырмен еріткіштің тиісті кӛлемін ӛлшеп және оны қателігі 0,005 г аспайтын стақанда ӛлшеп, еріткіш бойынша калибрлейді. Параллель ӛлшеулер арасындағы айырмашылық 0,015 г аспауы тиіс.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==