Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

54 Есептеу екінші ондық белгіге дейін жүргізіледі, кейін бірін- ші ондық белгіге дейін дӛңгелектенеді. Соңғы нәтиже үшін екі параллельді анықтамалардың орташа арифметикалық саны қабылданады, олардың арасындағы айырмашылық 0,5% – дан аспауы тиіс. Рефрактометриялық әдіс (жедел). Жедел рефрактометриялық әдіс нан-бӛлішке ӛнімдеріндегі майды анықтау процесінің қарапайымдылығымен де, аздап ұзақтығымен де ерекшеленеді. Әдістің мәні. Әдіс бромнафталинмен немесе хлорнаф- талинмен ӛнім ӛлшендісінен майды алуға негізделген. Ӛнімдегі майдың мӛлшерін еріткіштің және еріткіштегі май ерітіндісінің сыну коэффициенттерінің айырмашылығы бойынша анықтайды. Кесте 7 Бутирометр көрсеткіштері бойынша майдың массалық үлесі Бутирометр кӛрсеткіші Майдың массалық үлесі, % Бутирометр кӛрсеткіші Майдың массалық үлесі, % Бутирометр кӛрсеткіші Майдың массалық үлесі, % Бутирометр кӛрсеткіші Майдың массалық үлесі, % 1 0,57 11 6,23 21 11,90 31 17,56 2 1,13 12 6,80 22 12,46 32 18,13 3 1,70 13 7,36 23 13,03 33 18,69 4 2,27 14 7,93 24 13,60 34 19,26 5 2,83 15 8,50 25 14,16 35 19,82 6 3,40 16 9,06 26 14,73 36 20,39 7 3,96 17 9,63 27 15,29 37 20,96 8 4,53 18 10,19 28 15,86 38 21,53 9 5,10 19 10,76 29 16,42 39 22,09 10 5,66 20 11,33 30 17,00 40 22,66 Еріткішті анықтау үшін қолданылатын сыну коэффициенті неғұрлым кӛп болса дәлірек нәтижелер алынады. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Сыйымдылығы 25 – 50 см 3 ПМЖ типті шыны Пикнометр. 0,02 см 3 және 3х3 бӛлу бағасымен, сыйымдылығы 5 см тамшуырлар 0,05 см бӛлу бағасымен. Диаметрі 30 мм аспайтын шыны құйғыштар;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==