Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
53 Бутирометрлерге 1 см 3 изоамил спиртін абайлап құйып, резеңке тығындармен тығыз жабады, 3 мин бойы араластырылады және 80 °С температураға дейін қыздырылған су моншасының ұяшықтарына 5 минутқа (тығындарын тӛмен қаратып) салады. 5 минут ӛткеннен кейін бутирометрлер су моншасынан алынады, оларды центрифугаға (қалыпты жағдайда, яғни шеткергі тығындармен) орналастырады және 5 мин бойы центрифугалайды. Центрифугалау аяқталғаннан кейін бутирометрлерді температурасы 80 °С моншаға 5 минутқа тығынымен жауып тӛмен қаратып қайтадан қояды, содан кейін бутирометрдің градуирленген бӛлігінің шағын бӛлінуінің саны бойынша сары май қабатының биіктігін қоңыр сұйықтықтың үстінен шығарады және бекітеді. Нәтижелерді өңдеу Майдың массалық үлесін (Х) құрғақ затқа шаққанда пайызбен мына формула бойынша есептейді: ∗0,01133∗100 100− ∗(100− ) , (1.18) Мұндағы, W – сыналатын ӛнімдегі ылғалдың массалық үлесі %, 21094- 75 МС бойынша анықталған; m – сыналатын ӛнімнің салмағы, г; n – шағын бӛлінулер саны бойынша бутирометрдегі май қабатының биіктігі; 0,01133 – бір шағын бӛлікке сәйкес келетін май мӛлшері бутирометрдің бӛлінуі, г. Есептеуді жеделдету үшін 8 – кесте деректерін пайдалануға болады, одан Х 1 мәнін табады, ал X келесі формула бойынша анықталады: 1 ∗100 100− , (1.19) Мұндағы: X 1 – 8-кесте бойынша табылған майдың салмақтық үлесі, %; W – сыналатын ӛнімдегі ылғалдың салмақтық үлесі, МЕМСТ 21094-75 бойынша анықталған, %.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==