Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
52 Бӛлінген майдың кӛлемін бутирометрдің градуирленген бӛлігінде ӛлшейді. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Зертханалық таразы ± 0,05 г дәлдікке дейін рұқсат етілген; Сүт және сүт ӛнімдеріне арналған бутирометр (май ӛлшегіш); Механикалық сағат; Бутирометрлерге арналған ұяшықтары бар су моншасы; Электрлі плита. Сүт және сүт ӛнімдеріндегі майдың салмақтық үлесін анықтауға арналған центрифуга немесе бұрыштық жылдамдығы 1000 айн/мин кем емес механикалық жетегі бар центрифуга; Зертханалық шыны сынап термометрлері 0-ден 100 ˚C-қа дейін; Бутирометрлерге арналған штатив; Сыйымдылығы 25 см 3 фарфордан жасалған шыны ыдыстар; Сыйымдылығы 1 және 10 см 3 болатын тамшуырлар; Күкірт қышқылы, х.т. немесе т.ү.т., 60% массалық үлесінің ерітіндісі (512,7 см 3 концентрацияланған қышқыл / дм 3 ); Изоамил спирті, т.ү.т..; Тазартылған су; Метрологиялық сипаттамалары кӛрсетілген параметрлерге сәйкес келетін ұқсас отандық және импортталған жабдықтарды, зертханалық шыны ыдыстар мен реагенттерді қолдануға рұқсат етіледі. Сынақ жүргізу. Әрқайсысы 2 г болатын екі сынама алынады, фарфор шыны ыдыстарға салынып, әрқайсысына 9 см 3 күкірт қышқылының дайындалған ерітіндісі құйылады. Стақандарды температурасы 80 С су моншасына салады және қоспаны шыны таяқшамен үнемі араластырып, үлгіні күкірт қышқылымен 20 минут ішінде ерітеді. Үлгіні еріткеннен кейін, стакандағы қалдықтарды 10 см 3 күкірт қышқылының ерітіндісімен жуа отырып, қоңыр сұйықтықты сүт бутирометрлеріне ауыстырады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==