Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

49 Су моншасы; Электрлі плита; Зертханалық центрифуга; Эксикатор; Зертханалық шыны сынапты термометрі; Сыйымдылығы 100, 250 және 300 см 3 ӛлшейтін колбалар; (105±2) ℃ қыздыру температурасын қамтамасыз ететін кептіргіш шкаф; Диаметрі кемінде 50 мм кем емес шыны құйғы; Сыйымдылығы 50 см 3 тамшуыр; Сыйымдылығы 5, 10, 20 және 50 см 3 тамшуырлар; Медициналық гигроскопиялық мақта; Тазартылған су; Ауыз су; Тұз қышқылы, х.т. немесе т.ү.т., массалық үлестің 1,5% (35,1 см) ерітіндісі 3 концентрацияланған қышқыл / дм 3 ); Күкірт қышқылы, х.т. немесе т.ү.т., 5% массалық үлестің ерітіндісі (29,4 см 3 концентрацияланған қышқыл / дм 3 ); Хлороформ; Тығыздығы 1,2520 ÷ 1,2537, техникалық дихлорэтан; Аммиак суы, х.т. немесе т.ү.т; Фенолфталеин, массалық үлесі 1% спирттік ерітінді (1 г фенолфталеинді массалық үлесі 96% -дық 100 см 3 этил спиртінде ерітеді). Метрологиялық сипаттамалары кӛрсетілген параметрлерге сәйкес келетін ұқсас отандық және импортталған жабдықтар, зертханалық шыны ыдыстар мен реактивтер қолдануға рұқсат етіледі. Сынақ жүргізу. 10 г ӛнімнің (немесе, егер күтілетін майдың салмақтық үлесі 10%-дан асса 5 г) қателігі 0,05 г аспайтын және сыйымдылығы 300 см 3 ыстыққа тӛзімді тегіс түкті колбаға салады, тұз қышқылының 100 см 3 1,5% ерітіндісін қосады және кері тоңазытқышы бар колбаға әлсіз отта 30 мин қайнатады (3-сурет) .

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==