Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

48 1.2.7 Нан-бӛлішке ӛнімдеріндегі майдың массалық ҥлесін анықтау МЕМСТ 5668-68 бойынша нан-бӛлішке ӛнімдеріндегі майды анықтаудың үш әдісі ұсынылған: - сынаманың алдын ала гидролизденуімен экстракциялану (арбитраж); - бутирометриялық (жеделдетілген); - рефрактометриялық (жеделдетілген). Қолдану саласы Бұл стандарт нан, бӛлішке, баранка, печенье, қытырлақ нан, нан таяқшаларына қолданылады. Сынаққа дайындау . Жалпы талдау үшін таңдалған зертханалық сынама ішінен майды анықтау үшін кемінде 300 г ӛнім бӛлініп алынған. Жұмсақ ортасы шектелген және қабықтан оңай бӛлінетін ӛнімдерде (нан, бӛлке, халалар) тек нанның жұмсақ ортасын талдайды. Қалған бұйымдарда (баранкалар, кептірілген нан) сыртқы қабығымен үлгіні талдайды. Ӛнімдерден барлық қосылыстарды (езбе, тосап, мейіз және т.б.) және беттік ӛңдеу (қантпен, кӛкнәрмен және т. б. себу) жояды. Қабығы алынып тасталғаннан және қосылғаннан кейін ӛнімді мұқият ұсақтайды, араластырады және тығыны бар банкіге салады. Сынамаларды іріктеу . Үлгілерді іріктеу МЕМСТ 5667-65 бойынша жүргізіледі, МЕМСТ 7128-91, МЕМСТ 8494-73 және МЕМСТ 11270-88. Алдын ала гидролизденген сынаманы экстракциялау әдісі Әдістің мәні. Әдіс алдын ала гидролизденген бұйымнан майды еріткішпен алуға және алынған ерітіндінің белгілі бір кӛлемінен еріткішті алып тастағаннан кейін майдың мӛлшерін ӛлшеу арқылы анықтауға негізделген. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Зертханалық таразы ± 0,05 г дәлдікке дейін рұқсат етілген; Механикалық сағат;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==