Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
45 Қымыздық қышқылы х. т.немесе т. ү. т. Щавел қышқылды натрий, х. т. немесе т. ү. т.. Калий-натрий шарап қышқылды, сілтілі ерітінді: ериді суда 200 г калий-натрий шарап қышқылы және 150 г натрий гидротығы немесе 210 г калий гидротығы бар, содан кейін бірге құйып, ӛлшемді колбасында 1 дм 3 дейін кӛлемін жеткізеді; Тазартылған су. Осы құралдарға ұқсас отандық және импортталған жабдықтарды, зертханалық ыдыс және реактивтерді, метрологиялық сипаттамалары кӛрсетілген параметрлерге сәйкес келген жағдайда қолдануға рұқсат етіледі. Сынаққа дайындау . Марганец-қышқыл калий ерітіндісінің титрін анықтау үшін аналитикалық таразыларда 0,140 г щавел қышқылды аммониді ӛлшейді және су моншасында 100 см 3 судан және 2 см 3 концентрленген күкірт қышқылынан 60–80 о C температураға дейін фарфор тостағышта қыздырады, аралас- тыруға арналған таяқшаның орнына термометрді қолдана отырып, бюреткадан марганец-қышқыл калий ерітіндісімен титрлейді. Мыс бойынша марганец-қышқыл калий ерітіндісінің титрі (т) мг/см 3 мына формуламен анықталады: Т = ∗0,8951∗1000 V , (1.15) Мұндағы, m – қымыздық-қышқылды аммоний салмағы, г; V – титрлеуге кеткен марганец-қышқыл калий ерітіндісінің кӛлемі, см 3 ; 0,8951 – щавел-қышқылды аммонийді мысқа қайта есептеу коэффициенті. Марганец-қышқыл калий ерітіндісінің титрі температурасының күрт ауытқуы болмаған кезде 3 айда бір рет тексеруге болады. Сынақты жүргізу. Конустық колбаға сыналатын ерітіндінің 20 см 3 тамшуырмен ӛлшеп алып, күкірт-қышқыл мыстың 20 см 3 4% ерітіндісін қосады, ерітіндіні араластырады және плиткаға қояды. Ерітіндіні қайнағанға дейін қыздырады және дәл 3 мин қайнатады да (кӛпіршіктер пайда болған сәттен бастап), оттан шығарып, шӛгу үшін қалдырады. Тұнбаның үстіндегі сұйықтық
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==