Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
43 жұмсалған кӛлемі белгіленеді. Содан кейін бақылау титрлеу жүргізеді. Мыс-сілтілі ерітіндісі бар екінші колбаны қыздырылған электр плитасына салады, колбадағы ерітінді қайнауға дейін жеткізіледі және оған (85±5) % алдын ала титрлеуге жұмсалған зерттелетін сахароза ерітіндісінің кӛлемін бюреткадан құяды, колбада қайнап тұрғанын қадағалайды. Бұл ретте мыс-сілтілі ерітіндінің кӛк бояуы ашық-күлгін түске ӛзгереді. Зерттелетін сахароза ерітіндісімен мыс-сілтілі ерітіндіні титирлеуге жеткізу сары бояу пайда болғанға дейін секундына 1 тамшы жылдамдықпен жүргізіледі. Нәтижелерді өңдеу. Құрғақ затқа қайта есептегенде зерттелетін ӛнімдегі қанттың массалық үлесін (М) мынадай формула бойынша есептейді: М = 1 ∗100∗2 2 ∗1000 ∗ 100 100∗ , (1.14) Мұндағы, t – сахароза бойынша мыс-сілтілі ерітіндінің титрі; V 1 – су сығындысын дайындау үшін алынған ӛлшеуіш колбаның сыйымдылығы, см 3 ; V 2 – зерттелетін ерітіндінің кӛлемін титрлеу, см 3 ; m – зерттелетін ӛнімнің ӛлшенді салмағы, г; 1000 – мг сахарозаны г-ға ауыстыру коэффициенті; 2 – сахароза гидролизін жүргізу кезінде сығындыны екі рет еріту; W – зерттелетін ӛнімдегі ылғалдың салмақтық үлесі, %, МЕМСТ 21094-75 бойынша анықталған. Есептеулер 0,1 % – ға дейін жүргізіледі. Талдаудың соңғы нәтижесі үшін екі параллельді анықтамалардың орташа арифметикалық саны қабылданады, олардың арасындағы алшақтықтар бір зертханада 0,5%-дан және әр түрлі зертханада 1%-дан аспауы тиіс. Перманганат әдісі Әдіс сапаны басқа әдістермен бағалау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайларда қолданылады. Әдістің мәні. Әдіс редуцирленген қанттардың сілтілі ерітіндіде мыс оксидінде қалпына келтіру қабілетіне негізделген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==