Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
171 Байысбаева Меруерт Пернебайқызы Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, 1980 жылы туған. Алматы технологиялық университетінің 4202 – «Нан, макарон және кондитер өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша 2001 жылы оқуын аяқтап инженер-технолог біліктілігін иемденген. 2005 жылы 05.18.01 – «Дәнді және бұршақ дақылдарын, жарма өнімдерін, жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2011 жылы «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. Алматы технологиялық университетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасында 2001 жылдан бері еңбек етіп келеді. 150-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 15 оқулықтар мен оқу құралдары, 10-нан астам ҚР патенті және алдын ала патенті, «Нан өнімдерінің технологиясы» мультимедиялық оқулығы бар.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==