Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

148 Жҧмыстың мақсаты: Бидай қамырын ашытпасыз әдіспен дайындап, әртүрлі температурада және ауасының ылғалдығы әртүрлі жағдайда жетілдіріп оның дайын ӛнімнің сапасына әсер етуін анықтау. Керекті қҧралдар және жабдықтар : бидай ұны; престелген ашытқы; ас тұзы; ауыз су; термометр; таразы; эмальды кастрюлдер; жетілдіргіш шкаф; зертханалық пеш; титрлеу қондырғысы; кептіргіш шкаф немесе аспап; Журавлев аспабы; эксикатор; сигналды қондырғылы сағат; қалыптағы нанның кӛлемін анықтайтын құрылғы, домалақ нанның кӛлемін анықтайтын сызғыш, пышақ, үккіш; газет, сүзгі қағазы, бюкса, 500 см 3 кӛлемді бӛтелке (сүтке арналған сияқты); 100, 250 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы кӛлемді колбалар; 50, 100, 150, 250 см 3 кӛлемді стакандар мен конустық колбалар; 25, 50 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы тамшуылар; 4-ші санаттағы бюреткалар;1000 см 3 сыйымдылықтағы ӛлшенді цилиндр; 0,5 мл тығыны бар шыны ыдыс; ағаш қалақтар немесе ұшында резеңкесі бар шыны таяқшалар; термометр; медициналық дәке; натрий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; калий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; дистилденген су; тесік ӛлшемі 1,2 және 2,2 мм метал електер. Сынақты жҥргізу : Зертханалық сынақ жүргізу үшін ашытпасыз әдіспен 2 зертханалық жұмыста келтірілген әдіс бойынша қамыр дайындалады. Тек қамырды пішін беріп болған соң тұрғызу параметрлері жетілдіргіш шкафтың температурасы мен ауасының салыстырмалы ылғалдығы әртүрлі етіп алынады. Ол үшін мынадай нұсқалар дайындалады. 1 нұсқа (бақылау) – 30–35 0 C температурада, ауасының салыстырмалы ылғалдығы φ=75–80% жетілдіру; 2 нұсқа – 45 о C температурада, ауасының салыстырмалы ылғалдығы φ=75–80% жетілдіру; 3 нұсқа – зертхана бӛлмесінің температурасында жетілдіру; 4 нұсқа – 35 о С температурада, шкаф ауасын ылғалдамай жетілдіру;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==