Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
121 кӛлемін анықтайтын құрылғы, домалақ нанның кӛлемін анықтайтын сызғыш, пышақ, үккіш; газет, сүзгі қағазы, бюкса, 500 см 3 кӛлемді бӛтелке (сүтке арналған сияқты); 100, 250 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы кӛлемді колбалар; 50, 100, 150, 250 см 3 кӛлемді стакандар мен конустық колбалар; 25, 50 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы тамшуырлар; 4-ші санаттағы бюреткалар;1000 см 3 сыйымдылықтағы ӛлшенді цилиндр; 0,5 мл тығыны бар шыны ыдыс; ағаш қалақтар немесе ұшында резеңкесі бар шыны таяқшалар; термометр; медициналық дәке; натрий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; калий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; дистилденген су; тесік ӛлшемі 1,2 және 2,2 мм метал електер. Сынақты жҥргізу : Қамырды әртүрлі ылғалдылықта илеу үшін қамыр дайындау ашытпасыз әдіспен 2 зертханалық жұмыста келтірілген әдіс бойынша жүргізіледі. Бірақ қосылатын судың мӛлшері әртүрлі етіп алынады. Ол үшін мынадай нұсқалар дайындалады: 1 нұсқа (бақылау) – бақылау, су есеп бойынша; 2 нұсқа – бақылау қамырына есептелген судан қарағанда 66 мл су аз; 3 нұсқа – бақылау қамырына есептелген судан қарағанда 66 мл су кӛп. Қамыр дайындауда технологиялық үдерістің жүруіне, оның қасиетіне, тұрғызу және пісірудің соңына дейін қарап, қамырдың және піскен нанның сапасын суығаннан соң 1 және 2 зертханалық жұмыстарда келтірілген әдіс бойынша анықтайды. Алынған нәтижелерді салыстырмалы түрде қорытындылап жазады. Жазу үлгісі 1 және 2 зертханалық жұмыста келтірілгендей орындалады. Бақылау сҧрақтары: 1 Қамырға қосылатын судың мӛлшері қалай есептеледі? 2 Қамырға қосылатын судың мӛлшерін анықтағанда ұнның қандай сапа кӛрсеткіштері қарастырылу қажет? 3 Қамырдың ылғалдығы оның қандай қасиетіне әсер етеді? 4 Қамырдың ылғалдығы нанның қандай сапа кӛрсеткіш- теріне әсер етеді?
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==