Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
112 Жартылай фабрикаттың ылғалдылығын мына формуламен анықтайды. ылғ = 1 – 2 ∗ 100, (2.10) Мұндағы: m 1 - ӛлшенді мен пакеттің кепкенге дейінгі салмағы, гр; m 2 - ӛлшенді мен пакеттің кепкен кейінгі салмағы, гр; m - ӛлшендінің салмағы, гр (5 гр). Жартылай фабрикаттың қышқылдығын анықтау. Жартылай фабрикаттың қышқылдылығы оның ең негізгі кӛрсеткіші болып табылады. Себебі, қышқылдылықтың ӛсуіне қарай оның ашу үдерісінің аяқталғанын анықтайды. Техникалық таразыда 5 гр алып фарфор ыдысқа салып 50 мл дистилденген судан аздап тамызып келімен езеді, сосын қалған суды қосып жақсылап езіп, 2-3 тамшы фенолфталеин қосып 0,1 н NaOH немесе KOH сілтімен ашық күлгін түске боялғанша титрлейді. Бояу 1 минутқа дейін кетпейтін болғанда тоқтатып, кеткен сілтінің мӛлшерін жазып алады. Қышқылдылықты мына формуламен анықтайды: Х т =2аК, град (2.11) а - титрлеуге кеткен сілтінің мӛлшері, мл К - түзету коэфициенті Алынған зерттеу нәтижелерін қою және сұйық ашытпа бойынша салыстырып, 17-кестедегі келтірілген үлгі бойынша жазып талдау жүргізеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==