Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

102 ішіне екі үш миллиметр тереңдікке дейін ӛтетін инфрақызыл сәулемен кептіруді пайдаланады. Инфрақызыл сәулелерінің кӛзінің бір толқын ұзындығы 0,76–343 нм. диапазонда сәуле беретін қыздырылған металл беттері болып табылады. Осы мақсатта екі массивті металл ( алюминий және шойын құймалары) домалақ немесе тік бұрышты пішінді плиталары бар. ЖЧ құралы (К. Н. Чижов конструкциясы) жұмыс істейді. Екі металл плиталарының ортасына кептірілген материалдың жұқа қабаты орналастырылады. Плиталар бір-бірімен шарнирмен бекітілген. Азық-түліктен тез ылғал жоғалтуды қамтамасыз ететін құралдың сыртқы бетінде орналасқан электрлік элементтермен қыздырылады. Жұмыс кезінде құралдың плиталарының ара қашықтығы 2 мм, температурасы 160-162°С термометрмен бақыланады. Плиталар қызуы күшті және әлсіз болуы мүмкін. Жартылай фабрикатты ылғал болмаса 5 гр алып алдын ала қыздырылған 160 0 С Чижов аспабында 5 минут кептіріп анықтайды. Немесе алдын ала 20х14 ӛлшемде 1,5 см ұшын қайырып қағаз пакет дайындап оны 3 минут кептіріп эксикаторда салқындатып салмағын ӛлшеп алады да, ішіне 5 гр жартылай фабрикатты салып алдын ала қыздырылған 160 0 С Чижова аспабында 5 минут кептіріп анықтайды. Алынған пакетті экискаторда 2-3 минут салқындатып салмағын ӛлшеп алады. Жартылай фабрикаттың ылғалдығын мына формуламен анықтайды. W = m 1 -m 2 /m x100%, Мұндағы: m 1 - ӛлшенді мен пакеттің кепкенге дейінгі салмағы, гр m 2 - ӛлшенді мен пакеттің кепкен кейінгі салмағы, гр m - ӛлшендінің салмағы, гр (5 гр)

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==