Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

101 Пешті қамыр дайындамаларын салар алдында қыздырады. Ол үшін қызыл басқару пультін қосып, пештің астыңғы және үстіңгі беттерін қыздыру үшін түймешелерін қосады. Үстіңгі температураны үстіңгі түймеше арқылы береді, астыңғы температураны астыңғы түймеше арқылы береді. Камера іші берілген температураға жеткенде меже тоқтайды да пішін берілген қамыр дайындамаларын салады. Пісіп болған нанның бетін сумен сылап, салмағын ӛлшейді. Дайын нанның сапасын ол суығаннан кейін 4 сағаттан соң 1 зертханалық жұмыста келтірілген әдіс бойынша анықтайды. Жҧмыс барысында жартылай фабрикаттың сапасын анықтау Қамырдың сапасын анықтау үшін оның қою бӛлігінен сынаманы арнайы дайындалған ыдысқа алады. Жартылай фабрикаттың кӛзмӛлшерлік кӛрсеткіштерін оны ашып болған соң: жоғары бетінің жағдайы (томпақ, тегіс, басылып қалған); кӛтерілу дәрежесі; консистенциясы (күшті, әлсіз, орташа); құрғақтық дәрежесі (ылғал, құрғақ, жабысқақ, шырышты); иісі, түсі арқылы анықтайды. Жақсы ашыған қамыр дӛңес, жақсы қопсыған, арасының торкӛздері айқын, иісі спиртті, консистенциясы жақсы, құрғақ болуы керек. Жартылай фабрикаттың температурасын анықтау. Оның температурасын ортасына термометр салып қысып анықтайды. Жартылай фабрикаттың физикалық-химиялық кӛрсеткіш- терін: ылғалдығы, қышқылдығы арқылы анықтайды. Ылғалдығын анықтау. Қамырдың және жартылай фабри- каттардың ылғалдығын тездетіп кептіру әдісмен анықтайды. ЖЧ К. Н. Чижов құрылғысының кӛрінісі 10-суретте келтірілген. Құрылғы тағамдық шикізат пен ӛнімдерді белгілі бір уақыт ішінде кептіруге мүмкіндік береді. Кептірудің алдында және одан кейін ӛлшеу нәтижелері оның ылғалдылығын есептеу үшін пайдаланылады. Ылғалды тез жою үшін тек жоғарғы бетті ғана емес, сонымен катар, оның интенсивті қызуын кӛрсете отырып, азық-түліктің

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==