Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
99 2. Нҧсқа. Қамыр дайындамаларын арнайы тҧрғызғыш шкафта жетілдіру. Пішіні жетілу үшін қамыр дайындамаларын тӛменде 16- суретте келтірілген тұрғызғыш шкафта кӛтерілгенше ұстайды. Сурет 16. Қамыр дайындамаларын тұрғызғыш шкаф Бұл шкафты қалқанша арқылы қосып, жоғарыдағы түймешені басу арқылы шкафқа 75-85% аралығында керекті ауасының салыстырмалы ылғалдығын береді және 35-40 0 С температура беріледі. Қамырдың жетілгендігін кӛзмӛлшермен анықтайды. Оны қолдың саусағымен басқанда ол орнына тез келсе жетілу уақыты әлі болмаған, басқан жер орнында қалып қойса жетілу уақыты асып кеткен, ал басқан жер орнына жай қайтып келсе жетілу уақыты келген болып есептеледі. Жетіліп дайын болған қамырды наубайханалық (16,17-сурет) 220-230 0 C ылғалданған пеш камерасына салып домалақ нан 20 минут, қалыптағы нан 35 минут пісіріледі. 1 нҧсқа. Бұл нұсқада жетіліп дайын болған қамыр дайындамаларын зертханалық наубайханалық кешенді жабдықта пісіруге болады. Ол тӛмендегі 17-суретте келтірілген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==