Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
67 Кесте 5 - Макарон ӛндіру кәсіпорнындағы технологиялық қажеттіліктерге жұмсалатын су шығынының орташа нормасы Су жұмсау статьясы Су жұмсау нормасы л/с Су температурасы ˚С Қамыр илеу 1 т ӛнімге 270 л 50-60 Сығымдау құрылғысын жылыту немесе салқындатудың келесі ӛнімділіктегі мӛлшері, кг/с 300-400 400-500 1000 180 250 350 \ 60-80 (жылыту) 20 кем (салқындату) Сол сияқты Сол сияқты Вакуумды қондырғының жұмысына арналған 200 20 кем Матрицаларды жууға арналған 600 50...60 Макарон ӛндіру кәсіпорнында қамыр илеуге арналған судың сапасына ерекше назар аудару керек. Ол үшін тек МемСТ СТ ҚР 51232-2003 талаптарына сай келетін ауыз суы пайдаланылады. Ол мӛлдір, түссіз, бӛтен дәмі мен иісі болмауы тиіс, органикалық қосындылар мен ұшпалы заттар болмауы қажет. Кәсіпорында судың сапасының нашарлауы жайында сезік туындаса, Денсаулық сақтау министрлігінің судың сапасына бақылауды жүзеге асыратын санитарлық қадағалау ұйымдарына хабарлау керек болады. Жоғарыда аталған органолептикалық кӛрсеткіштеріне қоса су жалпы кермектігімен сипатталады. Бұл кӛрсеткіштің шегі судағы кальций және магний тұздарының мӛлшерімен айқындалады, сӛйтіп 1 л судағы миллиграмм эквивалентінде (мг˙экв) ӛлшенеді (1 л судағы кермектігі 1мг˙экв 20,04 мг Са немесе 21,16 мг Мg сәйкес келеді). Судың кермектік дәрежесі бойынша былайша бӛліп қарастырады, ӛте жұмсақ су – 1,5 кем, жұмсақ – 1,5-3,0, орташа кермекті – 3,0-6,0, кермекті – 6,0-9,0, ӛте кермекті – 9,0 жоғары.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==