Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
66 Ұнға астық зиянкестері - кеміргіштер (тышқандар, кӛртышқандар) және амбарлы зиянкестер деп аталып кеткен әр түрлі жәндіктер үлкен зиян тигізеді, олардың негізгі түрлері 17- суретте бейнеленген. Олар ұнға сақтау кезінде де, жеткізу барысында да түсуі мүмкін. Сурет 17. Нан қоры зиянкестерінің негізгі түрлері: а –амбарлы кене, б – диірмен огневкасы, в - ұн огневкасы, г – ұн хрушагы Ұнның зиянкестермен бүлінуінің алдын алу үшін оны тасымалдау мен сақтау ережелерінің орындалуы қажет: жеткізілген ұнның бүлінуіне тиянақты түрде тексеру жүргізу қажет, сақтау қоймаларын таза ұстау, едендегі, тӛбе мен қабырғалардағы барлық сызаттарды бітеу керек, желдету құрылғыларына тор орнату қажет және т.б. 5.1.3 Су Макарон ӛндіретін кәсіпорындарда суды макарон қамырын илеген кезде, матрицаларды жуғанда, сығымдаушы құрылғыларды – сығымдауыштың цилиндрлерін, су калорифер- лерін жылытқанда немесе салқындатқанда қолданады, сонымен қатар, санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктерді ӛтеуге жұмсалады. 5-кестеде макарон ӛндіру кәсіпорнында технологиялық қажет- тіліктерге жұмсалатын су шығынының орташа нормасы берілген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==