Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

150 Макарондарды кептірудің ең қолайлы режимі деп ауаның кептіргіш қабілеті кептірудің басынан аяғына дейін бірқалыпты болуын айтады. Бірақ ӛндіріс жағдайында мұндай режимді ұстап тұру ӛте қиын. Макарон фабрикаларында макарон ӛнімдерін мына тӛмендегі режимдерде кептіру қолданылады:  ауаның кептіргіш қабілеті бір қалыпты режимінде үзіліссіз кептіру;  ауаның кептіргіштік қабілетін бірте-бірте жоғарлату режимінде үзіліссіз кептіру;  ауаның кептіргіштік қабілеті бірқалыпты болып, бірнеше қайталап кептіру режимдері қолданылады. Осылардың ішіне екі сатыда алғашқы және ақырғы кезеңде екі түрлі режимдерді қолданып кептіру кең таралған. Бұл кезеңде макарондар әлі серпімді созылғыш күйінде болғандықтан, олар сызаттанады немесе сынбайды. Бұл кезеңде ауаның кептіргіштік қабілеті жоғары болып, кептіру процесі үзіліссіз жүреді. Бастапқы кептіруден кейін, ішкі және сыртқы қабаттарындағы ылғалдылықты теңестіру үшін макаронды аздап ылғалдайды. Бұл кезде макарондардың кебу процесі жалғаса береді. Оның ішкі қабаттарындағы ылғал сыртқа қарай ығысып, оның барлық бӛлшектерінде ылғалдық теңеседі. Осы ылғалдылық теңескен соң ақырғы кептіру сатысы басталады. осы кезде оны ақырындап кептіру қажет болып табылады. Ол үзіліссіз немесе бірнеше қайталап кептіру тәсілінде ауаның кептіргіштік қабілеті бір қалыпты режимінде жүргізеді. Макаронды кассеталарда кептіру. ЛПЛ-2М престерінде жасалып, доңғалақ матрицаларда пішінделген макарондарды кассеталарға салып кептіреді. Оларды шкафты немесе үзіліссіз жұмыс істейтін тізбекті тасымалдағыш кептіргіш қондырғыларда кептіреді. Кассета деп ағаштан немесе металдан жасалған тартпаларды айтады. Ағаш кассеталарды қалың фанерадан, метал кассеталарды дюралюмниден жасайды. Престен сығымдалып шыққан ұзын макарондардың түйдегін матрицаға тақап кесіп, транспортер таспасына орналасқан кассеталарға бір қатардан жайғастырады. Содан соң оларды ұзындығынан 250 мм-ден

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==