Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
139 14-кестенің жалғасы Бастунда ілініп тұрған ӛнімдердің иілген жерінде сызаттардың болуы Қамыр жеткілікті созылғыш емес; престелген ӛнімнің үсті кеуіп кеткен Қамырдың ылғалдығын жоғарылату; желдетудің қарқындылығын бәсеңдету немесе ӛнімнің сырт жағынан желдетуді болдырмау. Бастундарға ӛнімнің жабысуы Шектен тыс жұмсақ қамыр; ӛнімдерді желдету жүргізілмеген. Қамырдың ылғалдығын 1-2% тӛмендету; Желдетуді қосу. 9.1 Шикі макарондардың сапасы Шикі макарондар деп престен шыққан кеппеген макарондарды айтады. Олардың сапасы мынадай талаптарға сай болуы керек: - беті біркелкі тегіс, аздап күңгірттеу, ірі кедір-бұдыр, ірі жарықтары, тӛбешіктері жоқ, қабыршақтанбаған болу керек; - түсі сары, сүйкімді, біркелкі болады, ақшыл сары немесе басқа түсті дақтары, нүктелері т.б. басқа ақаулары болмау керек. Оларды бӛліп, ӛңдегенде сұрланып, қоңырқай тартып немесе қараймайтын болу керек; - ӛзіне берілген пішінді жақсы ұстап, үгітілмей, мыжылмай, кескенде де, жаймалағанда үзілмей, түтікшелерді қысқанда жігі ажырамайтын болуы керек; - кептіргенде оның алғашқы кезеңінде және кӛбірек тұрып қалса ӛте жұмсамай, кескен соң, қолмен ақырын сілкігенде шелпекке, ірі кесекке айналмайтындай болуы керек; - шикі макарондардың сынығы шыны болып, онда ұн тәрізді ақ бӛліктері, кӛпіршіктері болмау керек; - макарондар т.б. сығымдалып істелген ілулі тұрған ұзын ӛнімдер 1,5-2,0 м дейінгі ұзындыққа дейін ӛзінің салмағын кӛтеріп, айтарлықтай созылмай, үзілмей тұруы керек. Осы қойылған талаптарға сай келетін макарондарды ылғалдығы біркелкі иленген, температурасы да бірдей қамырдан, шнекті престе сығымдап жасағанда ғана алуға болады. Ондай
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==