Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
138 жағында құлақшалары бар сақина орнатылған. Ол матрицаларды желдеткіш қондырғымен, одан ары вентилятормен жалғастыру үшін керек. Бірнеше престер үшін бір ауа соратын станция қойылады. Егер вермишельдерді, сорпаға арналған салмаларды матрицаның бойынан пышақпен кесіп алатын болса, онда оны қарқындата желдету керек. Сонда осындай ылғалдылығы жоғарырақ қамырдан алынған ӛнімнің беті тегіс болып қалыптасады. Макарон ӛнімдерін кесуге қойылған талаптарға, олардан стандартта кӛрсетілген керекті ұзындықта кесілген дайын макарондар алу жатады. Ол ӛте қауіпті және ауыр жұмыс. Кассеталы кептіргіш қондырғылар үшін макарондарды престегенде, сығымдалып шыққан макарондар матрицаның астында, ұзындығы 1,5-2,0 м дейін жететін түтікше түрінде салбырап тұрады. Оларды механикалық әдіспен жинап, кассетаға салады да, содан соң қолмен немесе механикалық тәсілмен кеседі. Оларды ауа біркелкі тиетін етіп жаймалайды. Қысқа кесілген макарондарды пішін берілген орнынан кептіргіш қондырғыға дейін пневмотасымалдауды қолданып немесе ӛзінен ӛзі сырғанап кететін тиімді тәсілдерді қолданып жеткізеді. Шикі макарондарды бӛлу, кесу кезіндегі болатын ақаулар және оларды болдырмау әдістері 14-кестеде келтірілді. Кесте 14 – Кесу кезінде болатын ақаулар Ақаудың түрі Болуы мүмкін себептер Болдырмау шаралары Түтікше ӛнімдердің шеті мыжылған; түтікше ӛнімдері престеліп қалған жалпақ Шектен тыс жұмсақ (ылғал) қамыр; кесу кезінде желдету жүргізілмеген; кесетін пышақ матрицаға; пышақтың жүзі ӛтпей қалған. Қамырдың ылғалдығын 1-2% тӛмендету; Желдетуді қосу; Пышақтың орналасуын реттеу; Пышақтың жүзін қайрау. Ӛнімнің бір біріне жабысуы Шектен тыс жұмсақ (ылғал) қамыр; желдету жүргізілмеген. Қамырдың ылғалдығын 1-2% тӛмендету; Желдетуді қосу.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==