Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

131 8.5.1 Пішін беретін тесіктер Астар мен пішін беретін тесіктер үш элементтен тұрады. Ол қабылдау камерасы, шекаралық бӛлімі және форма беретін саңылаудан тұрады. Ол элементтердің пішіні сызықтық ӛлшемдері қамырдың ӛтуіне және матрицаның оны ӛткізу жылдамдығына, ондағы пайда болатын кедергілердің мӛлшеріне және түтікше макарондардың ұзынынан созылған жігінің жабысу түріне ӛздерінің әсерін тигізеді. 1. Қабылдау камерасы ӛзінше бӛлек немесе астардың иығы биіктігімен қоса алып жатады. Ол камераның кӛлденең кесіндісі осында орналасқан матрицаның жұмысшы бетінің, ондағы тесіктердің санының, соған сай, оның ауданының қандай болатынына байланысты. 2. Шекаралық бӛлімінде астардың аяғының шеті орналасқан. 3. Пішін беретін саңлау (тесік) макаронның кӛлденең кесіндісінің диаметрі қандай болатынын қалыптастырады. Оның биіктігі, шекаралық бӛлімнің қалған бӛлігімен бірге, түтікше макарондардың ұзынынан созылған жігінің желімделуін қамтамасыз етеді. Астар (20 сурет): o Орталыққа бағытталған иығынан; o Оның аяғынан тұрады. Ол аяқ макаронның ішкі тесігінің ӛлшемін (макаронның ішкі тесігінің диаметрін) қалыптастырады. Екінші суреттегі кӛрсетілген астарсыз тесікте қабылдау камерасы және пішін беретін саңлау (тесік) бар. Қамырдың сығымдалып ӛтуіне келтірілетін кедергі де, соған сай, престің жұмыс ӛнімділігіне пішін беретін саңлаудың (тесіктің) биіктігінің кӛрсететін ықпалы ӛте зор. Шнекті престерде түтікше макарондардың жігінің ӛте жақсы желімделуі үшін осы пішін беретін саңлаудың биіктігі 5 мм-ден кем болмау керек. Тефлон жеке фторопласт-4 ендірмелерін тесікке тығыз кигізіп, астардың аяғына, пішін беретін саңлаудан екі есе ұзын биіктікте кигізеді. Түтікше макарондарды престегенде оның ұзынынан форма беретін тесіктің шекаралық бӛлігінен орнатады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==