Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

130 Дисклі матрицаларда қамыр 5-7 МПа (30-70 кг/см 2 ) қысымда, 8-15мм/сек жылдамдықта тӛртбұрышты матрицаларда 8-10 МПа қысымда, 20-40мм/сек жылдамдықта сығымдалып шығарылады. Осылай форма берілген макарондар шымыр, ӛзіне берілген пішінді жақсы ұстап тұратын, 2 м ұзындықта үзілмей ұсталып тұратын болып шығады. Матрицаларды ОСТ 27-08-112-72 стандарты бойынша шығаратын болды. Осы стандартқа сай дӛңгелек матрицалардың диаметрі 298,350,400,450 мм, ӛлшемдерде шығарылады. Матрицалар ең жоғарғы жұмысшы қысымы 12 МПа (120 кгс/см 2 ) қысымда, ең кем дегенде 6000 сағаттай жұмыс істеуге арналып шығарылады. Дӛңгелек матрицалар колосниксіз жұмыс істеу керек. Преске қойылған матрицаларды ӛте келе жаңартып тұру керек. Егер фабрика басқа жаңа ӛнім шығаруға кӛшсе, егер оның тесіктеріне 4 пайыздан артық қамыр тығылып бітеліп қалса, қаптың жіптері, шпагат тығылып қалса, оларды айырбастап жаңасын қояды. Басқа жағдайларда дӛңгелек матрицаларды тәулігіне бір рет айырбастайды, ал тӛртбұрышты матрицаларды бір аптада бір-ақ рет жаңартуға болады, ал Брайбанти фирмасы оларды да тәулігіне бір рет айырбастап тұруды нұсқайды. Престен алынған матрицаларды температурасы 40-50 о С жылы су құйылған бӛшкеге бір тәулікке жібіту үшін салып қояды. Онда матрицаларды қырынан ӛз ұясына қою керек, жібітілген матрицаларды су ағымының астына қойып тазалайды. Мұнда желімендірме-астарлар болса, онда судың қысымы 25 атмосферадан аспау керек. Жуылған матрицаларды арнайы столда жеке-жеке қарап, қатып қалған заттар тазалайды. Осылай тазаланған матрицаларды жуатын машинаға қайта салып, жуып, қайта тексереді. Таза матрицаларды таза су құйылған бакқа салып немесе сӛрелерге қойып сақтайды. Барлық макарон фабрикаларында матрицаны сақтауға арналған бӛлме және күндізгі ауысымда жуып тазалайтын адам қарастырылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==