Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

127 қысым кеміп, қамырдың артына қарай қайта тебу процесі ӛсіп, қамыр қатты қажалып, температурасы ӛседі, ал макаронның беті кедір-бұдыр болып шығады. Сонымен қатар, шнектің жұмыс ӛнімділігі тӛмендейді. Шнектің айналу саны минутына 30-60 шамасында болу керек, ал егер шнек білігінің бұрандасының адымы қысқа болса, онда оның айналу жылдамдығын ӛсіру керек. 8.5 Прес матрицалары, олардың жұмысы және олардың түрлері Матрицалар домалақ және тӛртбұрышты болады. Тӛртбұрышты тесікті матрицаларды автоматты үзіліссіз жұмыс істейтін желіге қосылған ұзын макарон жасайтын престерде қолданады. Сығымдап престеп, таспа түрінде жасалатын, қысқа кесіліп кассеталарда кептіретін макарондарды жасағанда дӛңгелек тесікті матрицаларды қолданады. Матрицаларды тотықпайтын, тозбайтын, майыспайтын және сынбайтын қола, латунь және тотықпайтын болаттан жасайды. Олардың ішінде сапасы нашары тотықпайтын болат. Одан жасалған матрицаларда бетіне қамыр жабысқыш келеді. Диаметрі 298 мм дӛңгелек тесікті матрицалар қола және латуньнан істелсе олардың қалыңдығы 28 және 22 мм болады. Мұндағы матрицаларды колосникпен бірге қолданады. Колосниктер астына салатын, ілініп қойылатын немесе колосник- обойка түрінде болады. Колосниктер матрицаны майысудан қорғайды. Матрицаларға 50 және одан да жоғары Па қысым кӛрсетіледі. Сондықтан олар колосниксіз қолданылатын болса, олардың қалыңдығы 30 мм-ден кем болмауы керек. Тӛртбұрышты матрицалардың сызықтық ӛлшемдері 955х100х5 мм болады. Әр матрица бір формадағы макарон түрін шығаруға арналып жасалады. Матрицаларды жасау ӛте қиын; әр матрицаға кӛптеп тесіктер жасау керек, кейде ол тесіктер күрделі пішінде болып, ішкі беті жылтырланған болу керек. Диаметрі 298 мм дӛңгелек матрицаларда болатын тесік саны тӛмендегі 12-кестеде келтірілді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==